«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

Мажарстан Үкіметі және FAO-ның гранттары

2017–2018 оқу жылына арналған Әулие Иштван Университетінің (Мажарстан) ауыл шаруашылық мамандықтары бойынша магистратура бағдарламасының гранттары

 

Венгрия Универ Иштвана

2017–2018 оқу жылына магистратура бағдарламасы бойынша ағылшын тіліндегі   келесі мамандықтарды ұсынады:

  1. Ауыл шаруашылығын дамыту және агробизнес
  2. Бағбаншылық
  3. Ауыл шаруашылығындағы су ресурстарын басқару

Оқыту базасында:

-          Экономика және әлеуметтік ғылымдар факультеті, Әулие Иштван университеті (Szent Istvan University)

-          Бағбаншылық факультеті, Әулие Иштвана университеті (Szent Istvan University)

-          Ауыл шаруашылығы және экологиялық ғылымдар факультеті, Әулие Иштван университеті (Szent Istvan University)

Шәкіртақы өтейді:

— оқыту құны,тіркеу жарнасы және оқу материалы

— жатақханада тұру

— тамақтану

— медициналық сақтандыру

2007 жылы БҰҰ-ның азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) (ағылшынша Food and Agriculture Organization, FAO) мен Мажарстан арасында жасалған келісім аясындағы шәкіртақыны Мажарстан Үкіметі төлейді.

Шәкіртақы студенттің шығындарын ғана өтейді,осы бағдарлама шеңберінде отбасы мүшелері қаржыландырылмайды.

Үміткерлерді іріктеудің екі кезеңі

  1. ФАО үміткерлердің сауалнамаларын қарастырады және   Мажарстан ауыл шаруашылығы министрлігіне тапсырады, үміткер таңдаған университетке сауалнамаларды жолдайды. Аты-жөні көрсетілмеген және толтырылмаған сауалнамалар және құжаттар қарастырылмайды.
  2. Іріктелген үміткерлергеқабылдау рәсімінің бөлігі ретінде жазбаша немесе ауызша ағылшын тілінен емтиханнан өту ұсынылуы мүмкін.ФАО қатысуынсыз университет өз алдына   үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.Іріктелген студенттерді Министрлік хабардар етеді.

Үміткерлер төмендегі талаптар бойынша іріктеледі:

— Қазақстан Республикасының азаматтығы

— жоғары оқу үлгерімі

— ағылшын тілін білу (ағылшын тіліндегі бағдарламалар үшін)

— уәждеме

— жақсы денсаулық жағдайы

— жасы (30 жасқа дейінгі үміткерлергеартықшылық беріледі)

Құжаттарды тапсыру рәсімі

ЭЛЕКТРОНДЫҚ ПОШТАҒА ( This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. ) жіберу үшін үміткерлер келесі құжаттар топтамасын дайындауы керек:

— сауалнама

— түйіндеме

-білім жөніндегі құжаттың көшірмесі (аттестат және бакалавр дипломы (мамандық))

— ағылшын тілін білу туралы сертификаттың көшірмесі

— паспорт көшірмесі

— ұсыныс хат

— уәждемелік хат

— медициналық анықтама 082/у (шетелге шығушылар үшін)

-сотталмағандық немесе сотталғандықтың болуы туралы анықтама

Барлық құжаттар АҒЫЛШЫН тілінде болуға тиіс.Басқа тілде ұсынылған құжаттар қарастыруға қабылданбайды. Құжаттардың түпнұсқаларын аудару сәйкестігінеүміткер толық жауапкершілікте болады. Әрбір файлдың атауы салынған құжаттың мазмұнына сәйкес болуы керек.

ФАО-ға құжаттарды тапсыру мерзімі — 28 ақпан 2017 ж. дейін.

Қағаз құжаттардың көшірмелері, пошта немесе курьер арқылы жіберілген құжаттар қарастыруға қабылданбайды.

Бағдарламаға және құжаттарға қатысты барлық сұрақтарды ФАО-ның электрондық поштасынажіберген жөн:

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Анкета скачать.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design