«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Жолдау туралы

«Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауына қолдау көрсетті.

 ZHenis Mahambet2

Женис Махамбет, Univerisity of Miami, School of Medicine

Биылғы жыл – Қазақстан үшін өте ерекше болып тұр. 2017 жылың басы 28-шi әлемдік студенттер арасындағы кыскы универисада ойындарының алауын жағудан басталса, маусым мен қыркүйек айларында Астана қаласында EXPO-2017 Astana халықаралық көрмесі өткізіледі.

Бұл көрмені 100-ден аса елден және 10 мыңнан аса ірі халықаралық компаниялардан 2–3 миллион қонақ келіп тамашалайды деп жоспарланып отыр. ЭКСПО-ға арналып салынған жаңа ғимараттың күмбезi — күннен алған энергиясын электр энергиясына айналдыратын етiп салынуда. Бұл көрмеге салынатын құрылыс нысандарына кететін жалпы қаржы көлемі 3 млрд АҚШ долларын құрайды.

Бұл шаралар Қазақстанның дамушы елдер арасындағы инновациялық, экономикалық басымдылығын көрсетеді. ҚР Президентi Н.Ә. Назарбаевтың жыл сайынғы халықка арналған Жолдауы әр қазақстандық үшiн ерекше маңызды, көпшілік асыға күтетін құжатқа айналған. Бұған дейін ел Президентінің халыққа жолдаған «Қазақстан-2050», «Саламатты Қазақстан», «Нұрлы Жол», «100 нақты қадам» және т.б жолдаулары өз нәтижесін толық берді деп айтуға болады.

2017 жылдың басынан бастап «Тегін кәсіптік-техникалык бiлiм» атты жаңа жоба аясында әрбір қазақстандық мектепті бітірген азамат кем дегенде алғашқы кәсіби мамандығын игеріп шыға алатын болады. Бұл дегеніміз – азаматтардың жұмыссыздық көрсеткiшiн азайтып, халықтың әл ауқатының өсуіне ықпал етедi. Экономикасы әлемдегі бәсекеге қабілеттi 50 елдiң қатарына ендік. Сонымен қатар, Елбасы енді 30 озық дамыған елдердің қатарына енуге бағытталған жоғарыда аталған «Казакстан-2050» және «100 накты кадам» жоспарлары негізінде бес басымдықты атап өтті. Олардың ішінде мен үшiн ерекше маңыздылары: сандық технология, 3D принтинг, онлайн-саудаға қатыстылары болды.

Бұл бiздiң экономикамыздың және инновациялық технологияның дамуы үшін маңызы зор бағыттар. Аталған жаңа технологиялар медициналық және жалпы білім беру жүйесінің құрал-жабдыктарының да дамуына ықпал етедi. Қорыта келгенде, Президенттiң бұл Жолдауы Қазақстанның қарқындап дамуына, алға қойылған мақсаттарына жетуге және елдiң болашағының жарқын болуына зор ықпалын тигізеді деп ойлаймын.

 

 

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design