«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

PRE-JOBFAIR – ТАБЫСТЫ ЖҰМЫСҚА ОРНАЛАСУ КЕПІЛІ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің табысты жұмысқа орналасуына бағытталған Pre-JobFair шеберлік сабақтар топтамасын ұйымдастырады.

logo job

Құрметті «Болашақ» бағдарламасының түлектері!

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ жақын арада AlmaU және «Болашақ» Қауымдастығының қолдауымен бос орындар жәрмеңкесін өткізуді жоспарлап отырғандығын хабарлайды. Алайда, ең алдымен Сіздерге табысты жұмысқа орналасуға бағытталған Pre-JobFair атты шеберлік сабақтар топтамасын ұсынғымыз келеді.

Тренингтер Қазақстан Республикасының «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің саны басым қалаларында өтеді.

Pre-JobFair Сіздерді жеке мансабыңызды құруға шабыттандыратын топ-басқарушылар қатарындағы «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің жетістіктері жолындағы оқиғаларды өзіне қосады.

Біздің бапкерлер сауатты түйіндеме жазу сырларымен бөлісіп, сонымен қоса жұмыс берушімен алғашқы сұхбаттасуда өзін-өзі таныстыру бойынша тәжірибелік кеңестер береді.

Pre-JobFair табысты жұмысқа орналастыру мақсатымен алдағы уақыттағы бос орындар жәрмеңкесіне орай жемісті дайындыққа бағытталған.

Сонымен қатар, аталған іс-шараның мақсаты Қазақстан өңірлеріндегі «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің қарым-қатынасын күшейту және таныстыру болып табылады.

Күні: 25 ақпан2017 ж.

Уақыты: 10:00–13:00.

Pre-JobFair қатысу үшін тіркеуден өтуіңізді сұраймыз. Тіркеуден кейін Сізге спикерлер және өткізу орны туралы толығырақ ақпарат ұсынылады.

Барлық қызықтырушы сұрақтар бойынша Ажар Шаймагамбетоваға келесі байланыс телефоны арқылы хабарласа аласыздар:

Тел.: + 7 (7172) 769094

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design