«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

2017–2018 жылдарға Словакия Республикасының шәкіртақы бағдарламасына тіркеу басталды

Словакия Республикасының Ұлттық шәкіртақы бағдарламасы 2017–2018 жылдарға студенттер, аспиранттар, ЖОО-ның оқытушылары, ғылыми қызметкерлер, мәдениет саласының қызметкерлеріне білім гранттарын ұсынады.

UnivKomenskogo2

Словакия Республикасының Ұлттық шәкіртақы бағдарламасы Словакияның ғылыми-зерттеу ұйымдары мен ЖОО-нда тағылымдамалардан өту үшін шетелден келуші студенттер, аспиранттар, ЖОО-ның оқытушылары, ғылыми қызметкерлер мен мәдениет саласыныдағы қызметкерлердің академиялық ұтқырлығын дамытуға бағытталған.

ҰШБ шегіндегі шәкіртақыға келесілер үміткер бола алады:

А) СТУДЕНТТЕР

  • Словакиядан тыс ЖОО-ның студенттері;
  • жоғары білімнің екінші деңгейінің (магистратура) студенті немесе өтінім беру кезінде ұқсас мамандық/оқу бағдарламасы бойынша жоғары білім курсының кем дегенде 2,5 жылын бітірген студенттер;
  • Словакия Республикасының қоғамдық, жеке немесе мемлекеттік ЖОО-ны қабылдауға дайын болуы шартымен Словакияда академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білім алғысы келетін студенттер.

Осы категория үміткерлері жоғарыда аталған барлық үш шартқа сәйкес болуы қажет. Берілген категория аспирантураға (немесе оның баламасына) қатысты емес.

  • Тағылымдама ұзақтығы (студент категориясы): 1 – 2 семестр (яғни 4 – 5 немесе 9 – 10 ай) немесе 1 – 3 триместр, егер оқу жылы триместрге бөлінетін болса (яғни 3 – 4 немесе 6 – 7 немесе 9 – 10 ай).

Б) Ғылыми-зерттеу дайындығы немесе жоғары білімі Словакиядан тыс жерде өтетін, және аспирантура бағдарламасын жүзеге асыруға құқығы бар Словакиядаға қандай да бір ғылыми-зерттеу ұйымы немесе қоғамдық, жеке немесе мемлекеттік ЖОО-ны Словакия Республикасында ғылыми зерттеулерді өткізу/ оқу үшін академиялық тағылымдамаға қабылдауға келісімін берген АСПИРАНТТАР.

  • Тағылымдама ұзақтығы (аспирант категориясы): 1 – 10 ай.

В) Коммерциялық ұйым болып табылмайтын, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды (ҒЗТКЖ) жүргізуге құқығы бар қандай да бір ұйыммен оқытушылық/ғылыми-зерттеу/көркемөнер тағылымдамасына шақырылған мәдениет саласыныдағы қызметкерлер, ғылыми қызметкерлер мен ЖОО-ның ОҚЫТУШЫЛАРЫ.

  • Тағылымдама ұзақтығы (ЖОО оқытушысы, ғылыми қызметкер, мәдениет саласының қызметкері категориясы): 1 – 10 ай.

АЙ САЙЫНҒЫ ШӘКІРТАҚЫ МӨЛШЕРІ

а) ЖОО студенті — 350 €

б) аспирант — 580 €

в) ЖОО-ның оқытушысы/ғылыми қызметкер/мәдениет саласының қызметкер:

  • Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесісіз – PhD (немесе баламасы) және ЖОО-ның оқытушысы/ғылыми қызметкер/мәдениет саласының қызметкері ретінде жұмыс тәжірибесі 4 жылдан артық емес – 580 €
  • Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар – PhD (немесе баламасы) және ЖОО-ның оқытушысы/ғылыми қызметкер/мәдениет саласының қызметкері ретінде жұмыс тәжірибесі 10 жылдан артық емес – 850 €
  • Ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар – PhD (немесе баламасы) және ЖОО-ның оқытушысы/ғылыми қызметкер/мәдениет саласының қызметкері ретінде жұмыс тәжірибесі 10 жылдан артық – 1 000 €

Назар аударыңыз:

Ай сайынғы шәкіртақы мөлшерін анықтау үшін жұмыс тәжірибесі болып тек өтінімдерді тапсырудың соңғы мерзіміне дейінгі жұмыс тәжірибесі саналады.

Аспирантура жұмыс тәжірибесі болып саналады.

Шәкіртақы бағдарламасына үміткерлер міндетті түрде онлайн-тіркелуден келесі сілтеме бойынша өтулері керек: www.scholarships.sk.

Оқу үшін құжаттарды қабылдау және тіркелудің мерзімдері:

  • 30 сәуірдің 16.00 CET дейін – 2017–2018 оқу жылы барысындағы тағылымдалар
  • 31 қазанның 16.00 CET дейін – 2017–2018 оқу жылы жазғы семестрі барысындағы тағылымдамалар

Шәкіртақы бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратпен келесі сілтемеден таныса аласыздар:https://www.stipendia.sk/ru/

Байланыс телефоны: +7  (7172) 76 90 75; +7 (7172) 24 93 88 

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design