«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Болашақтықтар Қазақстан Президентінің Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді

2017 жылғы 6 наурызда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Қорының қолдауымен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары және түлектерінің қатысуымен Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Жолдауын талқылау бойынша дөңгелек үстел өткізді.

6 03 2017 Foto

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Зүлфия Төребекова атап өткендей, Елбасы Н.Ә. Назарбаев өзінің жуырдағы Жолдауында ел экономикасының жеделдетілген технологиялық жаңарту қажеттілігіне бағыт берді. Елбасымен аталған міндетті жүзеге асырудың негізгі құралдары, соның ішінде еңбек өнімділігін және білім сапасын арттыру, сыбайлас жемқорлық және экстремизммен күресу, кәсіпкерлікті ынталандыру, сонымен қатар экономика және экспортты әртараптандыру қажеттілігі белгіленді.

Осыған байланысты, «Болашақ» бағдарламасының, сонымен қоса бағдарлама бойынша әлемнің үздік оқу орындарында сапалы білім алған түлектерінің рөлі артып келе жатқандығын Зүлфия Төребекова атап өтті.

«Болашақ» бағдарламасының стратегиялық міндеті елде бөлек алынған құрылымдар мен салалардың сапалы түрленуін көрсете, ұлттық экономика дамуына өздерінің үлесін тигізіп жатқан мамандардың озық шоғырын қалыптастыруға мүмкіндік береді. Экономиканың басым салалары үшін мамандарды даярлау бойынша жұмыс Елбасымен белгіленген жаңа тапсырмаларды ескере жалғастырылатын болады»,— дейді Зүлфия Төребекова.

Ескертсек, 24 жылда «Болашақ» стипендиясының шегінде ұлттық экономиканың түрлі салалары үшін 9 427 мамандар, солардың ішінде 2 000 астам инженер, 1 000 жуық IT-саласы мамандары, 2 000 жуық мектеп және жоғары оқу орындарының мұғалімдері, ел аймақтары үшін 600 дәрігер, 400 мемлекеттік қызметкер, 200 шығармашылық сала қызметкерлері мен 2 000 астам ұлттық және жеке компания мамандары даярланды.

«Болашақ» бағдарламасының түлегі және «Қазақстандық мемлекеттік-жеке серіктестік орталығы» АҚ фронт-кеңсесінің жетекшісі Ғалымбек Мамраев өзінің баяндамасында Жолдау қағидаларының осыдан бұрын қабылданған «Қазақстан стратегиясы-2050» және «Ұлт жоспары-100 қадам» стратегиялық құжаттарымен келістілігін атап өтті.

Ол, Елбасы Жолдауы – бұл елдің алдағы дамуының негізгі бағыттары анықталған нақты бағдарламалық құжат екендігіне назар аударды. Олар экономиканың өсу қарқының орта әлемдіктен жоғарылатуға және 30 алдыңғы қатарлы елдер қатарында тұрақты орналасуға бағытталған.

Қазіргі талаптар жағдайында постиндустриалды экономика дамуына табысты өту мақсатында Ғ. Мамраев мемлекеттік сектор үшін жаһандық міндеттерді орындаудың басты механизмі ретінде аналитикалық орталықтардың рөлін айрықша белгіледі.

«Жаңғырту 3.0 аналитикалық («ми») орталықтардың рөлін күшейтусіз мүмкін емес, ал ол үшін өзекті бағыттар бойынша мықты кадрлар кажет. Жаңа мамандықтарға сұраныс өсуде. Осыған байланысты, қазір жаһандық ауқымда білім үлгісін алмастыру туралы белсенді талқылаулар жүруде. Онсыз дара маманға да, экономиканың бүтін салаларына да бәсекеге қабілетті бағдарларға жету мүмкін емес болады»,— дейді Ғ. Мамраев.

Сонымен қатар, ол бүгін МЖС жобаларын даярлау және іске асыру бойынша аймақтар белсенділігі байқалатындығын хабарлады. Осылай 21,2 млрд. теңге сомасына 31 жоба бойынша келісімшарттарға қол қойылды. Жобалардың негізгі бағыттары мектепке дейінгі мекемелер, поликлиникалар және дәрігерлік амбулаториялар, мәдениет және спорт объектілеріне келеді.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design