«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ қос диплом бағдарламаларын дамыту туралы шеберлік сабағын ұйымдастырды

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорымен бірлесе ҚР Германия Елшілігі және ҚР Франция Елшілігінің қолдауымен қос диплом бағдарламаларын даярлау және енгізу бойынша қазақстандық жоғары оқу орындарының өкілдері үшін шеберлік сабағын өткізді.

16 March 2017

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Зүлфия Төребекова өзінің сөзінде атап өткендей, Қазақстан білім саласындағы диалог үшін ашық, сонымен қатар ғылыми ізденістер және ағарту саласында халықаралық ынтымақтастық масштабтарын кеңейтуге белсенді талпынады. Республиканың тәуелсіздік жылдары бойы білім саласында 40-тан астам елдермен ынтымақтастық орнатылған. 150-ге жуық халықаралық шарттарға қол қойылған.

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасының Қорының Атқарушы директоры кеңесшісінің айтуынша: «Бүгінгі шеберлік сабағының тақырыбы «Қос диплом бағдарламасы – екіжақты ынтымақтастық болашағы» өте өзекті. Елбасы Жолдауының негізгі басымдылығының бірі адами капитал сапасын жақсарту болып табылады.

Бүгін табысты мансап құру үшін жоғары дәрежелі білім алу қажет. Егер біздің жастарда шетелде білім алу тәжірибесі және қос дипломы болса, бұл міндетті түрде олардың еңбек нарығында бәсекеге қабілеттілігін арттырады.

Бүгін Қазақстанның білім беру саласы ЕО және ЭЫДҰ елдерінің берілген салада алдыңғы қатарлы тәжірибесін ендіруге мақсатталған. Сонымен қатар, Болон декларациясының ережелерін енгізу шегінде Қазақстанда кадрларды даярлаудың үшдеңгейлік моделі, білім берудің кредиттік технологиясы ендіріліп, ECTS (кредиттерді жинақтау және аударудың еуропалық жүйесі) типі бойынша кредиттерді қайта тапсыру моделі даярланған.

Күн тәртібінде академиялық ұтқырлық және қос диплом бағдарламаларын дамыту сұрағы. 2011 жылдан академиялық ұтқырлық бағдарламасы шегінде шетелде білім алуға шамамен 4700 мыңға жуық қазақстандық студенттер шыққан.

Қос диплом бағдарламалары даму мүмкіндігінің жарқын мысалы ретінде Қазақстан-неміс университеті, сонымен қатар Сорбонна-Қазақстан институтының қызметтері қарастырылады. Одан басқа, қос дипломдар Желілік университеттер: Шанхай ынтымақтастық ұйымы және Тәуелсіз мемлекеттер достығы шегінде жүзеге асырылуда.

Қазақстанда осындай бағдарламаларды дамыту тәжірибесімен Қазақстан-неміс университетінің ректоры Ольга Московченко бөлісті. Халықаралық жоғары оқу орнының басшысы атап өткендей, 1991 жылы құрылған Университет Болондық процестің қағидалары негізінде неміс жоғары оқу орындарымен тығыз ынтымақтастықта білім бағдарламаларын іске асырады. Сонымен қоса, Московченко ханым қос диплом бағдарламасын ендіруді бастау алдында негізгі кезеңдерінің бірі ретінде ынтымақтастық үшін дұрыс университет-серіктесті іздеу қажеттілігін ерекшеледі. Маманның айтуы бойынша, негізгі қиындық университет-серіктестің білім бағдарламаларын синхрондау, ортақ оқу бағдарламасын даярлау, оқу жоспарын дайындау, оқу процесін ұйымдастыру, біліктілік тағайындау болып табылады.

Мысал ретінде Московченко ханым Қазақстан-неміс университетінің оқу жоспарын атап өтті. Онда алғашқы 2 курс бойы неміс тілі шетел тілі ретінде оқытылып, 3 курстан бастап бейінді сабақтар Германиядан келген доценттермен неміс тілінде жүргізіледі, 4 оқу курсы Германия университет-серіктестерінде тәжірибелік сабақтарды қамтиды. Осылайша, екі елдерде оқу нәтижелерін мойындау туралы келісім жүзеге асырылады.

Московченко ханымның айтуы бойынша. Жоба Неміс академиялық алмасу қызметінің (DAAD) белсенді қоладауымен іске асуда.

DAAD Жобалар департаментінің жетекшісі Анетте Пипер өз тұрғысынан жеке интернационалдандыру стратегияларын жүзеге асыру кезінде жоғары оқу орындардың қолдайтығын күәландырды. Осылай, 2015–2016 жж. DAAD әлем бойынша 106 қос диплом бағдарламаларын қаржыландырды, оның ішінде 31-і Азия мемлекеттерінде.

З. Төребекова атағандай, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ аталған бағытта қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының арасында  байланыстырушы буыны ретінде болуға дайын.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design