«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

«Болашақ» түлектерін қызметте әрдайым көтермелейтін болады

Қазақстанның мемлекеттік хатшысы, мамандарды шетелде даярлау республикалық кеңесінің төрағасы Гүлшара Әбдіқалықова «Болашақ» бағдарламасындағы өзгерістер туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

KazInform

«Қазір біз терең талдау жасағымыз келіп отыр. «Болашақ» түлектері қайда жұмыс істеп жатыр, ел экономикасына тигізіп жатқан үлестері қандай, кімді мансап жолында көтеруге тұрады деген сияқты сауалдарға жауап тапқымыз келеді. Сондықтан осы бағытта нақты жұмыстар жасалатыны анық»,— деп атап өтті ол.

Гүлшара Әбдіқалықова нақтылап өткеніндей, мұндай қадамдар «Болашақ» президенттік бағдарламасын ары қарай жетілдіру аясында жасалмақ. Оның үстіне, грант иегерлерін анықтау барысында ең дарынды жастарға көңіл аударылады, оларды әлем бойынша рейтингтері ең жоғары 70 университетке жіберу көзделген.

«Біз биылдан бастап, құжат қабылдау рәсіміне өзгерістер енгіземіз. Бұрынғы қабылдау тәртібі өте күрделі болып кеткен. Үміткерлер негізінен эссе тапсыратын болады. Біз өзін-өзі дамытуда үлкен әлеует танытқан шығармашыл жастарға көңіл бөлеміз»,— деді Мемлекеттік хатшы.

Оның еске салып өткеніндей, бағдарлама өмірге келгелі бері, 24 жылдың ішінде 12 271 стипендия тағайындалған. 9 427 маман дипломдарын алып үлгерді. Олардың ішінде 40% — инженерлік-техникалық, 37% — әлеуметтік және 14% — гуманитарлық бағыттар бойынша білім алып келген.

«Түлектердің 98 пайызы жұмыспен қамтылды. Олардың ішінде 55 пайызы — мемлекеттік органдарда, 30 пайызы — жеке секторда, квазимемлекеттік компанияларда, 12 пайызы халықаралық ұйымдарда жұмыс істейді. Қазіргі уақытта 1375 стипендиат білім алып жатыр. Олардың 50 пайызы — Ұлыбритания мен Ирландияда, 34 пайызы АҚШ пен Канадада, 7 пайызы — құрлықтық Еуропа елдерінде»,— деді Гүлшара Әбдіқалықова.

Астана. ҚазАқпарат

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design