«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

Польша Республикасы гранттарының ұсынылуы туралы ақпарат

Польша Республикасы Үкіметі мен Қазақстан Республикасы Үкіметі арасындағы 2015 жылғы 15 қыркүйектегі Білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісімнің шеңберінде Польша Республикасы 2017–2018 оқу жылына поляк мемлекеттік жоғары оқу орындарында бакалавриат (3 орын), магистратура (4 орын) және докторантура (4 орын) бағдарламалары бойынша поляк тілінде оқуға Қазақстан Республикасы азаматтарын қабылдау туралы хабарлайды.

Polsha

Құжаттарды тапсыру мерзімі 2017 жылғы 21 сәуірге дейін.

Барлық бағыттар бойынша оқуға үміткерлердің Келісім шеңберінде поляк тілінің бір жылдық курсынан өту мүмкіндігі бар.

Үміткерлерге Академиялық біліктіліктерді мойындау және халықаралық алмасу бюросының веб-сайтында орналасқан сауалнаманы толтыру керек (http://buwiwm.edu.pl/):

- поляк тілінде:http://buwiwm.edu.pl/wp-content/uploads/2015/06/8_formularz-PL0809.pdf;

- ағылшын тілінде:http://buwiwm.edu.pl/wp-content/uploads/2015/06/form_eng.pdf

Қосымша ақпаратпен келесі сілтеме бойынша танысуға болады: http://go-poland.pl/

Келісім шеңберінде:

— тегін оқу;

— жоғары оқу орнының жатақханасында ақылы негізде тұру мүмкіндігі (шамамен 80–150 евро)

— докторантура бағдарламасы бойынша оқушылар үшін стипендия (шамамен  300 евро) ұсынылады.

Польша жоғары оқу орындарында бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша оқып жүрген ҚР азаматтарының шығындары студенттердің өз қаражаттары есебінен өтеледі.

Сауалнамаға төмендегі құжаттар қоса берілуі керек:

- еркін нысандағы шетелде оқу үшін негіздеме-өтінім (қазақ немесе орыс тілінде).  Дата құжаттарды тапсыру күні қойылады;

- жеке куәлігі және ұлттық төлқұжат көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);

- Қазақстан Республикасының шетелге оқуға кетуші азаматының қосымшадағы нысан бойынша толтырылған сауалнамасы (қосымшадағы нысанға сәйкес);

- шетелге шығушылар үшін 082/у нысанындағы медициналық анықтама (қосымшадағы нысанға сәйкес);

- орта білім туралы аттестаттың және мемлекеттік үлгідегі білім алу жөніндегі құжаттардың көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған). ҚР Білім және ғылым министрінің Шетелге оқуға жіберу қағидаларына сәйкес аттестаттың орташа балы 5,0-ден 4,5-ке, бакалавр және магистр дипломы 4.0-ден 3.0 GPA балына сәйкес келуі керек;

- бағалары бар сертификаттар мен дипломдардың көшірмелері;

- 2 профессордан берілген ұсыным хаттар (магистратура және докторантура үшін);

- үміткердің ғылыми жобасы қабылдаушы мекемеде орындалуы мүмкін екендігін растайтын жоғары оқу орнымен немесе таңдалған ғылыми ұйымның қызметкерімен берілген оқуға қабылдау туралы келісім (докторантура үшін);

- үміткердің жетім балалар және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар; медициналық қорытынды бойынша тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқу қарсы көрсетілмеген бала шағынан мүгедектер мен мүгедек-балалар; көп балалы отбасылардағы балалар санатына жататынын растайтын құжаттар;

- үміткердің ата-анасының (қамқоршылары, заңды өкілдері) шетелге оқу үшін жіберуге жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);

- басқа құжаттар (шет тілін меңгергендігін растайтын сертификаттар және басқа да құжаттар).

Факультеттер мен оқу орындарының өзекті тізімі https://www.polon.nauka.gov.pl/opi/aa/kierunki/studia?execution=e1s1 сайтында орналасқан.

Құжаттар 2 данада (1 түпнұсқа, 1 көшірме) тезтікпе-папкада немесе файлдық папкада (әрбір парақ файлда) ұсынылуға тиіс.

Тезтікпе мұқабасында немесе папканың бірінші файлында аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефон нөмірлері, оқу елі, таңдалған мамандығы, оқу бағдарламасы (бакалавриат, магистратура немесе докторантура) міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Құжаттар толық жинақталған жағдайда ғана келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік Ел дғ. 8, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 5-қабат, 502-кабинет.

Байланыс телефон нөмірлері: +7(7172) 24 93 87

e-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 
 
 
e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design