«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Тәжікстан Республикасы гранттарының ұсынылуы туралы ақпарат

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 2000 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындарында бакалавриат (40 орын) және магистратура (10 орын) бағдарламалары бойынша оқуға конкурс жариялайды.

Tadzhikistan

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2017 жылдың 20 шілдесіне дейін.

Келісім шарт бойынша:

—тегін оқу;

— жоғары оқу орнының жатақханасы;

— шәкіртақы беріледі (шамамен  4000тенге көлемінде)

Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемшарттары:

1) білім туралы құжаттың орташа балы;

2) білім алушылардың академиялық кезеңнің аяқталуы бойынша ағымдағы үлгерімі;

3) мамандығының жоғары білім дипломының мамандығына сәйкестігі (магистратура үшін) болып табылады.

Тәжікстан Республикасында оқу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуға тиіс:

— еркін нысандағы шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (орыс немесе қазақ тілінде), дата құжаттар тапсырылған күні қойылады;

— Қазақстан Республикасының шетелге оқуға шығатын азаматының қосымшадағы нысан бойынша толтырылған сауалнамасы, дата құжаттар тапсырылған күні қойылады;

— жеке куәлік және ұлттық төлқұжат көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық расталған);

— соңғы білім туралы құжаттың және оның қосымшасының көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық расталған);

— мектеп түлектері үшін: 9-сынып аттестаты және оның қосымшасының нотариалды расталған көшірмелері, 10 және 11-сыныптардағы оқу үлгерімдері туралы табельдерінің мектеп мөрімен расталған көшірмелері, мектеп директоры растаған түлек мәртебесі туралы анықтама;

— студенттер үшін: дипломның немесе аттестаттың және қосымшаларының көшірмелері, солармен қатар жоғары оқу орнының оқу бөлімі растаған сынақ кітапшасынан үзінді (немесе транскрипт), түлек мәртебесі туралы анықтама;

— аттестаттың орташа балы 5,0-ден 4,5-ке; бакалавр дипломы 4.0-ден 3.0 GPA балына сәйкес келуі керек;

— қосымшаға сәйкес нысан бойынша медициналық анықтама (шетелге шығушылар үшін);

— грамоталар, сертификаттар, дипломдар, алғыс хаттар көшірмелері (бар болса);

— ұсыным хаттар (бар болса);

— транскрипт (шетелдік жоғары оқу орнына магистратура немесе бакалавриат бағдарламалары бойынша өз бетімен түскен немесе оқып жүрген тұлғалар үшін). Бұл ретте мемлекеттік немесе орыс тіліне нотариалды куәландырылған аудармалары ұсынылады;

— таңдаған зерттеу тақырыбы бойынша эссе (аспирантура бағдарламасы бойынша оқу үшін);

— үміткердің жетім балалар және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар; медициналық қорытынды бойынша тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқу қарсы көрсетілмеген бала шағынан мүгедектер мен мүгедек-балалар; көп балалы отбасылардағы балалар санатына жататынын растайтын құжаттар;

— үміткердің ата-анасының (қамқоршылары, заңды өкілдері) шетелге оқу үшін жіберуге жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін).

Тәжікстан Республикасының жоғары оқу орындары және мамандықтар туралы ақпарат қоса беріледі.

Құжаттар 2 данада (1 түпнұсқа, 1 көшірме) тезтікпе-папкада немесе файлдық папкада (әрбір парақ файлда) ұсынылуға тиіс.

Тезтікпе мұқабасында немесе папканың бірінші файлында аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефон нөмірлері, оқу елі, таңдалған мамандығы, оқу бағдарламасы (бакалавриат, магистратура немесе докторантура) міндетті түрде көрсетілуі тиіс.

Құжаттар толық жинақталған жағдайда ғана келесі мекен-жай бойынша қабылданады: 

Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік Ел дғ. 8, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 5-қабат, 502-кабинет.
Байланыс тел.: +7 (7172) 24 93 87, +7 (7172) 24 93 73
E-mail:  This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

 
 
 
e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design