«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

УКРАИНА ГРАНТТАРЫН ҰСЫНУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

Украина Үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына оқу үшін 40 тегін орын ұсынуда.

Украина Студенты 2

2010 жылғы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Украина Білім және ғылым министрлігі арасындағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес украин тарапы Қазақстан Республикасы азаматтарының Украинаның жоғары оқу орындарында техникалық, экономикалық және гуманитарлық мамандықтар бойынша оқуы үшін 40 орынды ұсынды, олардың ішінде:

  • 30 орын бакалавриат бағдарламалары бойынша, оның ішінде шығу тегі украин азаматтар үшін;
  • 10 орын магистратура бағдарламалары бойынша, оның ішінде шығу тегі украин Қазақстан азаматтары үшін.

Шетелдік азаматтарды Украинаның жоғары оқу орындарында Украинаның мемлекеттік бюджеті есебінен оқыту украин тілінді жүзеге асырылады. Оқыту тілін меңгермеген үміткерлер дайындық курстарға алыну мүмкін.

Келісімге сәйкес:

  • тегін оқу
  • жоғары оқу орны жатақханасы
  • оқушылар стипендиясы (шамамен 9000 теңге) қарастырылған.

Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемшарты:

  • білім туралы құжаттың орташа балы: «бакалавриат» бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлер үшін– орта білім туралы аттестат балы кемінде 5,0-ден 4,5; «магистратура» бағдарламасы бойынша оқуға үміткерлер үшін – бакалавр/маман дипломы балы кемінде 5,0-ден 4,10 немесе4.0-ден 3.0 GPA. Үміткер оқуын бітірмеген жағдайда, ағымдағы үлгерімнің орташа балы жоғарыда көрсетілген баллдарға сәйкесінше сай болуы керек.

Украинаның жоғары оқу орындарында оқуға үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы керек:

  • қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі, баспа әріптермен толтырылған, оң жағының жоғарғы бұрышына жапсырылған фотосуреті бар сауалнама (украин тарапының талабы бойынша);
  • жеке куәлік және ұлттық төлқұжат көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық расталған);
  • барлық пән бойынша бағаларды көрсетумен білім алу туралы құжаттың көшірмелері (мектеп оқушылары мектеп директорымен куәландырылған жалпы білім беретін мектептің бітіруші сыныбында оқуы туралы анықтаманы жарты жыл бағаларымен ұсынады). Құжат украин тіліне аударылып, Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігімен куәландырылуы керек.
  • шетелдік украин куәлігінің көшірмелері (шығу тегі украин Қазақстан азаматтары үшін);
  • еркін нысандағы шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (орыс немесе қазақ тілінде), дата құжаттар тапсырылған күні қойылады;
  • жеке деректерді жинауға және өңдеуге келісім
  • Қазақстан Республикасының шетелге оқуға шығатын азаматының қосымшадағынысан бойынша толтырылған сауалнамасы, дата құжаттар тапсырылған күні қойылады;
  • (шетелге шығушылар үшін) қосымшаға сәйкес 082/унысанындағы медициналық анықтама;
  • грамоталар, сертификаттар, дипломдар, алғыс хаттар көшірмелері,бар болғанда;
  • ұсыным хаттар, бар болғанда;
  • үміткердің ата-анасының (қамқоршылары, заңды өкілдері) шетелге оқу үшін жіберуге жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін);
  • үміткердің жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар; медициналық қорытынды бойынша тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқу қарсы көрсетілмеген бала шағынан мүгедектер мен мүгедек-балалар; көп балалы отбасылардағы балалар санатына жататынын растайтын құжаттар.

Құжаттарды қабылдаудың соңғы мерзімі – 2017 жылғы 1 мамыр.

Украинаның мемлекеттік бюджеті есебінен оқуға ұсынылған үміткерлер жоғары оқу орындарына 2017 жылдың 25 тамызынан 1 қыркүйегіне дейінгі кезеңде келіп, келесі құжаттарды жеке тапсыруы керек:

       а) оқылған пәндер және олар бойынша емтихандарда алынған бағалар көрсетілуімен білім туралы құжат түпнұсқасы мен көшірмелері;

       б) төлқұжат көшірмелері;

       в) медициналық сақтандыру полисі;

       г) 3×4 см өлшемдегі 4 фотосурет.

а) тармағында белгіленген құжаттар украин тіліне аударылып, оларды берген елдің заңнамасына сәйкес ресми түрде куәландырылуы және Қазақстан Республикасындағы Украина елшілігімен заңдастырылуы керек.

Төлқұжат көшірмесі украин тіліне аударылып, нотариалды куәландырылуы керек.

Оқуға келетін үміткерлер емханада және ауруханада медициналық қызмет көрсетілуін қамтитын медициналық сақтандыруды сатып алуға тиіс.

Украин тарапы стипендиаттарды тегін оқумен, Украина азаматтары үшін көзделген төлеммен жатақханада тұратын украин студенттер үшін белгіленген тәртіп пен мөлшерде стипендиямен, Украина заңнамасына сәйкес медициналық қызмет көрсетумен қамтамасыз етеді.

Жоғары оқу орындарының дайындық бөлімінде оқу үшін төлем студенттердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Осы кезеңде стипендия берілмейді.

Украинаның Білім және ғылым министрлігі үміткерлердің оқу орнына бару және оқудан оралу бойынша шығындарын көтермейді.

Құжаттар файлдық папкада 2 данада (1 түпнұсқа, 1 көшірме) ұсынылады.

Тезтікпе мұқабасында немесе папканың бірінші файлында аты-жөні, мекен-жайы, байланыс телефон нөмірлері, оқу елі, таңдалған мамандығы, оқу бағдарламасы көрсетілуі тиіс.

2017 жылы бакалавр дәрежесіне қабылдау үлестемесі қосымшада көрсетілген.

2017 жылы магистр дәрежесіне қабылдау үлестемесі қосымшада көрсетілген.

Құжаттар толық жинақталған жағдайда ғана келесі мекен-жай бойынша қабылданады: Астана қаласы, Сол жағалау, Мәңгілік Ел дғ. 8, «Алтын Орда» бизнес орталығы, 5-қабат, 502-кабинет.

Байланыс тел.: +7 (7172) 24 93 87, +7 (7172) 24 93 73

E-mail:   This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design