«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

Вьетнамда білім алу гранттары

Қазақстан Республикасындағы Вьетнам Социалистік Республикасының Елшілігі Вьетнамның білім және кадрларды даярлау министрлігі Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Вьетнам Социалистік Республикасы Үкіметі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы 2009 жылғы 15 қыркүйектегі келісімге және аталған Келісімге толықтырулар енгізу туралы хаттамаға сәйкес Қазақстаннан үш (3) студентті бакалавриат бағдарламасына 2017–2018 оқу жылына Вьетнам жоғары оқу орындарында вьетнам тілінде оқуға қабылдауға дайын екендігін хабарлайды.

study-in-vietnam

Үміткерлердің грант шеңберінде вьетнам тілінің бір жылдық курсынан өту мүмкіндігі бар.

Келісім шеңберінде:

  • тегін оқу
  • жоғары оқу орны жатақханасында тұру мүмкіндігі
  • ай сайынғы стипендия (шамамен50 доллар) ұсынылады.

Басқа шығындар студенттердің өз қаражаты есебінен өтеледі.

Үміткерлерге қосымшадағы сауалнаманы толтыру керек.

Толтырылған сауалнамаға келесі құжаттар қоса берілуі қажет:

- еркін нысандағы шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (орыс немесе қазақ тілінде). Дата құжаттар тапсырылған күні қойылады;

- жеке куәлік және ұлттық төлқұжат көшірмесі (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған);

- Қазақстан Республикасының шетелге оқуға шығатын азаматының қосымшадағы нысан бойынша толтырылған сауалнамасы. Дата құжаттар тапсырылған күні қойылады;

- шетелге шығушылар үшін қосымшаға сәйкес 082/у нысанындағы медициналық анықтама;

- орта білім туралы аттестат және білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар көшірмелері (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған). Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітілген Шетелге оқуға жіберу қағидаларына сәйкес аттестат/диплом орта балы 5,0-ден 4,5-ге

- мектеп/колледж түлектері үшін: 9-сынып аттестаты және оның қосымшасының, 10 және 11-сыныптардағы оқу үлгерімдері туралы табельдерінің / колледж транскриптінің мөрмен расталған, нотариалды куәландырылған көшірмелері, директормен расталған мектеп/колледж түлегі мәртебесі туралы анықтама

- үміткердің жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар; медициналық қорытынды бойынша тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқу қарсы көрсетілмеген бала шағынан мүгедектер мен мүгедек-балалар; көп балалы отбасылардағы балалар санатына жататынын растайтын құжаттар

- шет тілін білу деңгейін растайтын сертификаттар және басқа құжаттар

- үміткердің жетім және ата-анасының қамқорлығысыз қалған балалар; медициналық қорытынды бойынша тиісті шетелдік білім беру ұйымдарында оқу қарсы көрсетілмеген бала шағынан мүгедектер мен мүгедек-балалар; көп балалы отбасылардағы балалар санатына жататынын растайтын құжаттар

— үміткердің ата-анасының (қамқоршылары, заңды өкілдері) шетелге оқу үшін жіберуге жазбаша келісімі (18 жасқа толмаған тұлғалар үшін)

Құжаттарды тапсыру мерзімі – 2017 жылғы 26 мамырға дейін

Құжаттар толық жинақталғанда ғана келесі мекен-жай бойынша (жеке немесе сенімхат бойынша) қабылданады: Астана қ., Сол жағалау, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Алтын Орда» БО, 5-қабат, 502-кабинет.

Байланыс тел.: +7 (7172) 24 93 87

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design