«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Қырғызстан қазақстандықтарға республиканың жоғары оқу орындарында оқыту үшін 5 грант бөледі

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ МЕН ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҮКІМЕТІ АРАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ САЛАСЫНДАҒЫ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ 2006 ЖЫЛҒЫ 4 ШІЛДЕДЕГІ КЕЛІСІМ ШЕҢБЕРІНДЕ 2017–2018 ОҚУ ЖЫЛЫНА ҚЫРҒЫЗ РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫНДА 5 (БЕС) БЮДЖЕТТІК ОРЫНҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ.

Screenshot 15

Үміткерлерді іріктеудің негізгі өлшемшарттары келесідей:

1)     білім туралы құжаттың орташа балы: «бакалавриат» бағдарламасы бойынша үміткерлер үшін – орта білім туралы аттестат балы кемінде 5,0-ден 4,5; «магистратура» бағдарламаласы бойынша үміткерлер үшін – бакалавр/маман дипломының балы кемінде 5,0-ден 4,5 немесе GPA 4.0-ден 3.0 болуы қажет

2)     үміткер оқуын аяқтамаған жағдайда, ағымдағы үлгерімінің орташа балы жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкесінше сай болуы қажет

3)     мамандығы – жоғары білім дипломы мамандығына сәйкес келуі (магистратура үшін) қажет.

Келісім шеңберінде ұсынылады:

-        тегін оқыту

-        үлгерімі жоғары болған жағыдайда ай сайынғы стипендия – шамамен 800 сом (KGS).

Қалған шығындар студенттердің өз қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Білім алу тілі – орыс тілі.

Қырғыз Республикасының жоғары оқу орындарында оқу үшін үміткерлер келесі құжаттарды ұсынуы қажет:

-        еркін нысандағы шетелде оқу үшін негіздеме-өтініш (орыс немесе қазақ тілінде). Күні құжаттар тапсырылған күні қойылады

-        жеке куәлік және ұлттық төлқұжат (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшірмелері

-        Қазақстан Республикасының шетелге оқуға шығатын азаматыныңқосымшадағынысан бойынша толтырылған сауалнамасы. Күні құжаттар тапсырылған күні қойылады

-        шетелге шығушылар үшінқосымшағасәйкес 082/у нысанындағы медициналық анықтама

-        орта білім туралы аттестат немесе бакалавр/маман дипломы (салыстыру үшін түпнұсқалар ұсынылмаған жағдайда нотариалдық куәландырылған) көшірмесі

-        бакалавриат бағдарламасының соңғы курсында білім алушылар үшін: ЖОО түлегінің мәртебесі туралы анықтама және ЖОО-ң мөрімен расталған барлық оқу кезеңі транскриптісі

-        мақтау қағазы және сертификаттардың (олар болған жағдайда) көшірмелері

-        2 профессордан ұсыным хаттар (магистратура үшін)

-        ЖОО немесе таңдалған ғылыми мекеменің қызметкері ұсынған үміткердің ғылыми жобасы қабылдаушы мекемеде орындалуына болады деп расталған оқуға қабылдау келісімі (магистратура үшін)

-        үміткердің жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; медициналық қорытынды бойынша шетелдік білім беру ұйымдарында оқу қарсы көрсетілмеген бала шағынан мүгедектер мен мүгедек-балалар; көп балалы отбасылардағы балалар санатына жататынын растайтын құжаттар

-        үміткердің ата-анасының (қамқоршылары, заңды өкілдері) шетелге оқу үшін жіберугежазбаша келісімі(18 жасқа толмаған тұлғалар үшін).

Қырғыз Республикасында жоғары оқу орыны мен мамандықтар тізімі келесі сілтеме бойынша қоса беріледі.

Құжаттар файлдық папкада 2 данада (1 түпнұсқа, 1 көшірме) ұсынылады.

Құжаттарды тапсыру мерзімі – 2017 жылғы 20 шілдеге дейін.

Құжаттар толық жинақталғанда ғана келесі мекен-жай бойынша (жеке немесе сенімхат бойынша) қабылданады: Астана қ., Сол жағалау, Мәңгілік Ел даңғылы 8, «Алтын Орда» БО, 5-қабат, 502-кабинет.

Байланыс тел.: +7 (7172) 24 93 87

E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design