«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«International Education Fair 2017» Алматыда өтті

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ ҚР Білім және ғылым министрі Е. Сағадиевтың қатысуымен 2017 жылғы 23–24 маусымда Астана қаласында және 2017 жылғы 26–27 маусымда Алматы қаласында ұйымдастырған «International Education Fair 2017» халықаралық білім көрмесі өз жұмысын аяқтады. 

8Z1A7900

Көрме Қазақстанның әлемдік білім кеңістігіне бірігу үшін  жоғары білім саласындағы халықаралық ынтымақтастықты кеңейту, шетелдегі білім беруді дәріптеу, сондай-ақ халықыралық білім беру жобаларын жүзеге асыру аясында тәжірибе алмасу мақсатында өткізілді.

«International Education Fair-2017» жоғары білімді жаһандандыру мәселелерін талқылауға арналған ықпалды диалог алаңына айналды. ҚР Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша бүгінгі күнде Қазақстанда халықтың үшінші бөлігіне жуық санды 14 пен 29 жас аралығындағы жастар құрайды. Ал ЮНЕСКО мағлұматы бойынша 2,5 миллионнан астамы өз елдерінен тыс оқу орындарында оқып жатыр. Болжам бойынша – 2020 жылға қарай студенттердің халықаралық ұтқырлығы ауқымы 7 миллион адамға дейін жетеді.

«Бүгін Халықаралық білім көрмесіне шамамен 80 шетелдік жоғары оқу орны, 50 қазақстандық жоғары оқу орны және Қазақстан мен Орталық Азияның 50 білім беру агенттігі қатысты. Осындай іс-шараларды өткізу және олардың жұмысына отандық пен шетелдік жетекші мамндардың қатысуы білім және ғылым саласындағы үкіметаралық ынтымақтастық кеңеюіне, сондай-ақ студенттер арасындағы академиялық ұтқырлығы жоғарылауына ықпал етеді»,— деп атап өтті З. Төребекова.

Алматыда өткен көрме алаңында қазақстандық пен шетелдік жоғары оқу орындары өкілдері, сондай-ақ білім беру агенттіктері арасында 100-ге жуық В2В-кездесу өтті. Университеттер көрме қатысушылары үшін оқу бағдарламалары, бейінді мектептер, түсу шарттары және басқа туралы айтып беріп, 50-ден астам презентация өткізді.

Астана мен Алматы қалаларында өткен екі көрме қорытындысы бойынша 150-ден астам презентация, 200-ден астам В2В сессия өткізілді, 12 жоғары білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы, оның ішінде қос диплом бағдарламалары мен академиялық ұтқырлықты дамыту бойынша меморандумға қол қойылды.

Қазақстанда қос диплом бағдарламалары негізінде магистрлік бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады, бір жыл – Қазақстанда, бір жыл – шетелде. Сонымен, түлек әріптес және қазақстандық жоғары оқу орындарынан екі диплом алады.

«Қос диплом тәжірибесі жастар үшін өте тартымды болып табылады, ал жоғары оқу орындарына бәсекелесуге неғұрлым қабілетті болуға мүмкіндік береді. Жоғары оқу орындары қос диплом дамыту туралы меморандумдарды жасаған кезде бағдараламаларды салыстырып тексереді, болашақта есептелетін және бір уақытта екі диплом табыстау мүмкіндігін беретін кредиттер санын белгілейді. Одан басқа, бұл оқып жатқан шетелдік студенттер мен академиялық ұтқырлық шеңберінде шетелге шыққан студенттер саны сияқты, жоғары оқу орындарына рейтингтік баға беру кезінде маңызды көрсеткіш болып табылады», – деп айтты Зульфия Төребекова.

Одан басқа, Орталық білім саласындағы үкіметаралық келісімдер және әртүрлі стипендиалдық бағдарламалар шеңберінде шетелде оқу мүмкіндіктері бойынша ақпарат ұсынды.

«Қазақстан жастары үшін шетелде оқу бойынша әртүрлі мүмкіндіктер бар, айта кететіні ақылы оқудан басқа, үкіметаралық келісімдер, қолданыстағы стипендиалдық бағдарламалар шеңберінде берілетін үкіметтік гранттар, шетелдік мемлекеттер гранттары есебінен де оқуға болады. Өткен жылға дейін шамамен 300 үкіметаралық грант берілсе, осы жылдан бастап гранттар саны 1000-ға дейін көбейді. Ресей биылғы гранттар санын 437-ге дейін көбейтті, Мажарстан 200 орын, Қытай келесі жылы 200 орынға дейін көбейту мүмкіндігімен – 55 орын беріп отыр, және де Чехиядан 200 грант күтудеміз», – деп мәлімдеді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ вице-президенті Зульфия Төребекова.

Көрме жұмысына қазақстандық және шетелдік жоғары оқу орындарының 500-ден астам өкілі (АҚШ, Ұлыбритания, құрлықтық Еуропа, Азия және ТМД елдері), тілдік мектептер, білім беру агенттіктері, халықаралық стипендия бағдарламалары, сонымен қатар мектептер, колледждер, жоғары оқу орындарының шетелде оқу/тағылымдамадан өту бағдарламаларына қызығушылық танытқан түлектері қатысты.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design