«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

«Болашақ» стипендиясына бірінші үміткерлер ТСК конкурстық іріктеуі кезеңдерінен өтті

«Болашақ» стипендиясы тағайындалуына бірінші жүз үміткер конкурстық іріктеу кезеңдерінен өтті. Бірінші тур нәтижесі бойынша (уәждемелік және ұсыныс хаттар бойынша бағалау) сарапшылар – Тәуелсіз сараптамалық комиссия (ТСК) мүшелері жетпіс тоғыз үміткерді осы жылдан бастап 6 турдан тұратын конкурсқа әрі қарай қатысу үшін ұсынды.

bolashak 20 1

«Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін конкурстық іріктеуге бірінші жүз үміткер арасында 80 адам шетелдік жоғары оқу орындарына өз бетінше түскендер ретінде қатысты, 9 – «жалпыконкурс» жаңа санаты, 7 – «мемлекеттік қызметші» санаты бойынша және басқалар.

Үміткерлердің басым бөлігі Астана (49 адам) және Алматы (24) қалаларының, сондай-ақ Ақмола (10), Атырау (5), Шығыс Қазақстан (4) және Оңтүстік Қазақстан (4) облыстарының өкілдері.

«Болашақ» бағдарламасы шеңберінде оқуға үміткерлер арасында әдеттегіше  Ұлыбритания (69 адам) мен АҚШ (27) сияқты елдер басымдыққа ие.

Барлығына мәлім болғандай, осы жылы ТСК мүшілерімен уәждемелік және ұсыныс хаттарды бағалау (бірінші тур) атты жаңа конкурстық кезең енгізілді. Бірінші тур қорытындысы бойынша 21 үміткер осы кезеңнен өте алмады.

Уәждемелік және ұсыныс хаттарды дайындау бойынша ұсыныстарды ресми сайтта Үміткерге/Ұсыныстар/Құжаттарды дайындау бойынша ұсыныстар бөлімінде таба аласыз.

 

Бүгінгі күнге «Болашақ» стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін 200 құжат тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы жылы құжаттарды қабылдау 2017 жылғы    29 мамырдан 15 қыркүйекке дейін жүзеге асырылады. Стипендия тағайындау конкурсы 2017 жылғы 5 маусымнан 20 желтоқсанға дейін үздіксіз режімде өтеді.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру тәртібімен Орталықтың ресми сайтында келесі сілтемелер бойынша танысуға болады: https://www.bolashak.gov.kz/projects/info/index3_kz.html

немесе https://www.bolashak.gov.kz/projects/info/index2_kz.html

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design