«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

ШЕТ ЕЛДЕ КАДРЛАР ДАЯРЛАУ ЖӨНІНДЕГІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ КОМИССИЯ ОТЫРЫСЫНЫҢ ҚОРЫТЫНДЫСЫ

2017 жылғы 1 тамызда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н.Әбдіқалықованың төрағалық етуімен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Болашак фото 2

Отырысты аша отырып, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Әдіқалықова «Болашақ» президенттік стипендиясының Қазақстанды Үшінші жаңғырту басымдықтарының бірі болып табылатын адами капитал сапасын жақсартудағы айрықша рөлін атап өтті. Гүлшара Әбдіқалықова кадрларды сапалы даярлау және білім жүйесіндегі алдағы қатарлы буын – «Болашақ» түлектері әлеуетін пайдалану бойынша жұмысты нығайту қажеттілігін белгілеп өтті.

Комиссия жұмысы шеңберінде білім және ғылым министрі Е. К. Сағадиевтың Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық шешімдерінің орындалуы барысы туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасын іске асыруға қатысты бірқатар өзекті мәселелер қаралды.

Комиссияның шешімімен стипендия магистратурада және докторантурада оқитын, әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарында тағылымдамадан өтуге жіберілетін 171 үміткерге тағайындалды.

Отырыс қорытындысын шығара келе, Мемлекеттік хатшы Г.Әдіқалықова «Болашақ» халықаралық стипендиясын жетілдіру және іске асыру тетіктерінің тиімділігін арттыру бойынша бірқатар тапсырмалар берді.

2017 жылға барлығы 600 стипендия бөлінді.

Стипендиаттар тізімін мына жерден көруге болады.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design