«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Рига техникалық университетінде тегін білім алу гранттары

16-riga

Рига техникалық университеті (РТУ) – Балтық елдеріндегі жетекші техникалық университет, 1862 жылы құрылған және Латвияның астанасы – Риганың қақ ортасында орналасқан.

РТУ-да 15000 студент, оның ішінде 75 елден келген 2000 шетелдік студенттер білім алады.

РТУ бакалавр, магистр, докторантура бойынша экономика, бизнес, механика, информатика, телекоммуникация, энергетика, көлік (авиация, теміржол), құрылыс, химия, медицина, қолданбалы лингвистика және т.б. сияқты барлық бағыттарда инженерлік және бизнес бағдарламаларын ұсынады.

РТУ күндізгі оқу бағдарламаларымен (бакалавриат, магистратура және PhD докторантура) қатар, біліктілікті арттыру бағдарламалары, қысқа курстар, оқыту, тәжірибе алмасу бағдарламалары және жазғы мектептерді ұсынады.

ҚАЗАҚСТАН СТУДЕНТТЕРІНЕ 20 ГРАНТ

РТУ төмендегі бағыттар бойынша (оқу бағдарламалары) 20 (жиырма) магистрантқа бірінші оқу жылында ТЕГІН ОҚУДЫ ⃰ ⃰ ⃰ ұсынады:

  • Теміржол көлігі — Railway Transport
  • Компьютерлік жүйелер — Computer Systems
  • Телекоммуникация — Telecommunications
  • Авиациялық көлік — Aviation Transport
  • Инженерлік технологиялар, механика және машина жасау — Engineering Technologies, Mechanics and Mechanical Engineering

 ⃰ ⃰ ⃰ Екінші оқу жылын студент өзі төлейді, БІРАҚ студент басқа студенттермен бірге екінші оқу жылында да тегін оқуға Латвия стипендиясына немесе Эрасмус + (басқа Еуропа елдерінде тегін оқуға) стипендиясына үміткер бола алады.

Құжаттарды тапсыру тәртібі:

Құжаттар тізімі:

  • Мотивациялық (уәждемелік) хат
  • түйіндеме
  • бағалары көрсетілген бакалавр дипломы
  • ағылшын тілін білетіндігін растайтын құжат (IELTS 6+, TOEFL IBT 79+, TOEFL PBT 550+).

Құжаттарды тапсыру мерзімі — 1 тамыз.

Қош келдіңіз!

Латвия басқа діндер мен мәдениеттерге қатысты қауіпсіз ел болып табылады. РТУ әлемнің әр жерінен студенттерді құшақ жая қарсы алады. Біз Сізге әрдайым қолдау көрсетіп, көмекке келеміз!

Kipsalas vizualiz

RTU 4

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design