«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

2019 жылы «Болашақ» бағдарламасының аясында ұсынылатын ЖОО-лар тізімінің жобасы талқылануда

болашак

2019 жылға «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсы жеңімпаздарының оқуы, тілдік курстардан өтуі үшін ұсынылатын шетелдік жетекші жоғары оқу орындарының, шетелдік ұйымдардың тізімінің және бағдарлама аясында шетелде оқуға арналған мәндес мамандықтар тізбесінің жобалары талқылануда. Құжаттардың жобаларымен «Ашық НҚА» сайтында немесе келесі сілтемелер арқылы таныса аласыздар «Ұсынылатын ЖОО-лар тізімі»«Мәндес мамандықтар тізбесі».

2019 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау конкурсына қатысу үшін үміткерлерден құжаттар қабылдаудың және осы конкурсты өткізудің алдын ала мерзімдері бегітілген:

  • құжаттарды қабылдау – 2019 жылғы 18 ақпан мен 31 тамыз аралығы;
  • конкурсты өткізу – 2019 жылғы 01 наурыз бен 29 қараша аралығы;

2019 жылы «Болашақ» халықаралық стипендиясының аясында магистратура мен докторантура бағдарламалары бойынша білім алу үшін және тағылымдамадан өту үшін 555 стипендия бегітілген.

Құжаттарды тапсыру бойынша қосымша ақпаратты 8 7172 76 90 82, 24 93 86, 76 90 84, 24 93 85 телефондары арқылы біле аласыздар

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design