«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Пусан Ұлттық Университетінің (Корея Республикасы, Пусан қ.) Қазақстан студенттеріне арналған бакалавриат бағдарламасының стипендиясы

Korea Internship Overview

Пусан ұлттық университеті – Корея Республикасының ең ірі университеттерінің бірі және алғашқы мемлекеттік университет. 1946 жылдың мамыр айында негізі қаланған. PNU оқытудың барлық саласы бойынша білім беру мүмкіндіктерін ұсынады және елдің оңтүстік-шығыс өңірінде сапалы жоғары білім қажеттіліктерімен қамтамасыз етеді. Университет 15 факультеттен және 103 департаменттен, 1 жоғары мектептен, 5 кәсіптік және 7 арнайы жоғары мектептен тұрады.

Университет жыл сайын Қазақстаннан келетін талапкерлерге тегін білім алу үшін арнайы қабылдау жүргізеді.

Бұл жылы университет төменде берілген 11 факультет бойынша тегін оқуға қазақстандық талапкерлер үшін 29 квота ұсынады:

Неміс тілі және әдебиеті кафедрасы – 3, машина жасау – 5, компьютерлік ғылымдар және Инженерия – 5, әуеғарыштық инженерия – 1, қалалық инженерия – 2, нано-энергия — 2, нано-мехатроника – 2, оптика және мехатроника – 2, жаһандық зерттеулер (экономика және бизнес факультеті) – 5, бизнес әкімшілендіру – 1, интерьер және экологиялық дизайн – 1.

*Кейбір бағдарламалар ағылшын тілінде жүргізілмейді.

Грант нені қамтиды?

Platinum

4 жылдық тегін оқу (GPA әр семестр сайын 3,5 кем болмауы тиіс)

Gold

2 жылдық тегін оқу (GPA әр семестр сайын 3,0 кем болмауы тиіс)

Silver

1 жылдық тегін оқу (GPA әр семестр сайын 3,0 кем болмауы тиіс)

Корей тілін білмейтін студенттер үшін тегін корей тілінің курстары ұсынылатын болады. Корей тілін үйрену академиялық бағдарламамен қатар жүргізілетін болады.

Екінші семестрден бастап TOPIK 4 және одан жоғары сертификатының иегерлері 400,000 вон (үш реттен артық емес) мөлшерінде стипендия ала алады.

Студенттер PNU түскен соң 2,000,000 вон мөлшерінде бір реттік стипендия ала алады.

Талапкерлерге қойылатын талаптар:

1) Қазақстандық мектептердің түлектері

2) Оқу кезеңіндегі аттестаттың жалпы орташа балы 90%-дан жоғары болмауы және 4.34/5.0 балама болуы тиіс.

3) ҰБТ сертификаты(жалпы саны 100 баллдан жоғары болу)

4) Мектеп директорынан, мұғалімнен, білім беру институтының басшысынан ұсыныс хаты болу

5) Шет тілдерін білу: TOEFL ibt 71, IELTS 5.5 немесе TOPIK level 4 және одан жоғары

Business Administration мамандығына түсетіндер үшін TOPIK 5 және одан жоғары деңгейдегі сертификатты ұсынуы міндетті; Global Studies мамандығына – тек ағылшын тілінен сертификат.

Бағалау өлшемшарттары: сұхбат және емтихан

Сұхбат: 70% (5–10 минут), Емтихан (математика): 30%

Хат: 20%

Емтихан мен сұхбатқа келмеген біліктіліктен айырылатын болады.

Өтінім беру және емтихан жүргізу кезеңі:

Онлайн тіркеу: 2019 жылғы 20–29 мамыр аралығында мына сайт арқылы: www.studyinkorea.go.kr

Құжаттарды поштамен немесе университетке қолма қол тапсыру арқылы: 2019 жылғы 20–31 мамыр аралығында.

Емтихан өткізу күні: Алматы қ. – 25 маусым, Нұр-Сұлтан қ. – 2019 жылғы 27 маусым (өзгерістер болуы мүмкін)

Талап етілетін құжаттар:

1) Паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесі

2) Ата-анасының паспортының немесе жеке куәлігінің көшрімелері

3) Туу туралы куәліктің көшірмесі

4) Орта білімі туралы аттестат және (ағылшын тілінде) не болмаса мектептен анықтама

5) TOEFL, IELTS, TEPS, TOPIKсертификаттары(2017 жылғы 20 мамырдан кейін шығарылған сертификаттар ғана жарамды)

6) Бір ұсыныс хат

7) Отбасының қаржылық мүмкіншіліктерін растайтын сертификат*(төм.қараңыз)

7) Басып шығарылған онлайн-сауалнама

8) Оқу жоспары, өзі туралы эссе(онлайн толтырылады)

9) Ақша аударымы немесе 60$ мөлшеріндегі тіркеу алымын төлеу туралы түбіртек

Құжаттарды тапсыру кезіндегі ескертпелер:

- Барлық құжаттардың түпнұсқасы не нотариялдық куәландырылған болуы тиіс. Ағылшын тіліндегі емес барлық құжаттар ресми аударылып, нотариалды куәландырылуы тиіс.

- Құжаттарды тапсыру кезінде аттестаты болмаған жағдайда, талапкерлер бүкіл оқу кезеңінде орташа балын көрсете отырып, мектептен анықтама ұсына алады.

- ҰБТ нәтижелері 2019 жылғы 3 шілдеден кешіктірмей университеттің мына электрондық поштасына жіберілуі тиіс: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. . ҰБТ жалпы саны100 баллдан жоғары болуы керек.

- Конкурстан өткен үміткерлер аттестаттың апостилденген көшірмесін 2019 жылғы 27 қыркүйектен кешіктірмей тапсыруы тиіс.

- Тілдік сертифкаттың түпнұсқасы университетке 2019 жылғы 31 мамырға дейін тапсырылуы тиіс. Егер де үміткерлер тіл бойынша емтиханды қайта тапсырғылары келсе, сертификатты 2019 жылдың 3 шілдесінен кешіктірмей This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жіберуі тиіс.

- Отбасының қаржылық мүмкіншіліктерін растайтын сертификат: конкурстан өткен үміткерлер шотында 18,000$ жоғары сома туралы банктен алған анықтаманы 2019 жылғы 16 шілдеге дейін тапсыруы тиіс. Алайда, PNU грантқа ие болған студенттер осы анықтаманың орнына PNU-дан алған стипендия туралы сертификатты тапсыра алады.

- Университетке тапсырылған барлық құжаттар, сондай-ақ тіркеу алымы қайтарылмайды.

- Үміткерлер грантқа ие болғаннан кейін мамандықты немесе факультетті ауыстыра алмайды.

- Университеттен шақырту үміткердің сауалнамасында көрсетілген мекен-жайға пошта арқылы жіберіледі.

- Конкурстың нәтижелерін үміткерлер өз бетінше университеттің сайтынан 2019 жылғы 10 шілдеден кейін жарияланған хабарландырулардан көре алады. Грантқа түскен, бірақ PNU-да оқуын бастағылары келмейтін үміткерлер 2019 жылғы 12 шілдеге дейін бас тарту туралы университетке хабарлауы тиіс.

Қосымшада берілген ағылшын тіліндегі өтінімді беру бойынша нұсқаулықпен танысыңыздар!

Қабылдау туралы нұсқаулық

Математика тест нұсқаулығы

Толық ақпаратты мына телефон нөмірлері арқылы алуға болады:

8(7172) 76 90 69;

8 776 176 43 58;

8 747 269 22 61

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design