«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Таиланд Корольдігі Үкіметінің Валайлак университеті халықаралық колледжінің (WUIC) 2019–2022 оқу жылдарына арналған шәкіртақы бағдарламасы

WUIC

Таиланд Корольдігінің Үкіметі 2019–2022 оқу жылдарына (17 жастан бастап, бакалавриат бойынша) арналған Қазақстан Республикасының студенттеріне шәкіртақы бағдарламасын ұсынады.

Аталған шәкіртақы Таиландтың Накхонситхаммарат провинциясындағы «Валайлак университеті халықаралық колледжінің («Walailak University International College») бакалавриат бағдарламасына келесі бағыттар бойынша арналған:

- Digital Innovation Engineering (B. Eng.)

- Logistic Analytics and Supply Chain Management (B.B.A)

- Law and Legal Applications (LL.B.)

- Accountancy (B.B.A.)

Валайлак университеті халықаралық колледжі (WUIC) туралы қосымша ақпаратты осы сілтеме арқылы табуға болады.

Оқуға түсу талаптары:

- 11–12 сынып оқушылары

- GPA 2.75-тен(4.0) кем емес болуы керек

- ағылшын тілін жоғары деңгейде білу (TOEFL 650 / IELTS 6.0)

- Паспорт

Шәкіртақы тек оқу ақысын қамтиды.

Қажетті құжаттардың тізімін білу үшін осы сілтеме арқылы өтіңіз.

Накхонситхаммарат провинциясындағы бағалар туралы ақпарат сілтемеде көрсетілген.

Таиланд Корольдігініңтуризмі және мәдениеті туралы ақпаратты көрсетілген сілтемеден табуға болады.

Барлық сканерленген, нотариалды куәландырылған құжаттарды ағылшын тіліне аударып, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жіберіңіз. Назар аударыңыз: құжаттарды жіберген кезде, тақырыбына оқу орнының және таңдаған мамандығыңыздың атауын нұскауды ұмытпаңыз. Мысалы:«Scholarship Application: Digital Innovation Engineering».

Дедлайн: 2019 ж.,10 мамыр.

Оқу жылының басталуы: 2019 ж., 20 тамыз.

Барлықсұрақтар бойынша This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына немесе +7 (7172) 76 90 88 нөмірі бойынша хабарласыңыз.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design