«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

Үкіметаралық келісім шеңберінде Польшада оқуға 11 адам ұсынылды

logo

Польша Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі арасындағы білім саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Польшада оқуға арналған конкурсқа 71 адам қатысты.

2019–2020 оқу жылына 11 грант бөлінген:

«Бакалавриат» бағдарламасы бойынша - 3

«Магистратура» бағдарламасы бойынша — 4

«Докторантура» бағдарламасы бойынша - 4

Конкурс «Бакалавриат» бағдарламасы бойынша 1 орынға 16–17 адамды, «Магистратура» және «Докторантура» бағдарламасы бойынша 1 орынға 2–3 адамды құрады.

11 адам оқуға түсуге ұсынылды, 3 адам резервтегі тізімге кірді. Стипендияны тағайындау туралы соңғы шешімді Польша тарапы қабылдайтын болады.

Польшада оқуға ұсынылған тізімге кірмеген үміткерлерді Польшадағы серіктес-жоғары оқу орындарының гранттарын қарауға шақырамыз.

Оқу гранттары поляк немесе ағылшын тілінде!

(құжаттар маусымнан бастап тамызға дейін қабылданады)

·Варшава политехникалық университеті (Politechnika Warszawska)
барлық бағдарламалар бойынша поляк тілінде гранттар ұсынады (Бакалавриат, Магистратура, Докторантура).

www.students.pw.edu.pl/index.php?id=75

·        Катовицадағы Силез университеті (Uniwersytet Śląski w Katowicach)
ЖОО бакалавриат және түрлі дайындық бағыттары бойынша магистратура бағдарламаларына (гуманитарлық, жаратылыстану және нақты ғылымдар) 201 бюджеттік орын ұсынады.

http://admission.us.edu.pl/russian/konkurs-na-besplatnye-mesta

·        КатовицадағыЭкономика университеті (Uniwersytet EkonomicznywKatowicach)

            Қазақстанның студенттеріне арналған тегін орындар

https://www.ue.katowice.pl/ru/stipendii/konkurs-rektora.html

·        Лодзинтехникалықуниверситеті(Lodz University of Technology)

Қазақстан азаматтары үшін бакалавр және магистратура бағдарламалары бойынша тегін оқу.

https://www.p.lodz.pl/en

·        Коллегиум Сивитас Университеті(Collegium Civitas)

Бакалавриат бағдарламасына арналған ағылшын тіліндегі тегін оқу.

https://www.civitas.edu.pl/en/

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design