«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

Шанхай политехникалық университеті қытай тілі курсын тегін оқуға арналған грантын ұсынады

201803010331050 b

Шанхай политехникалық университеті немесе Shanghai Polytechnic University (SPU) — Қытай Халық Республикасының жоғарғы оқу орны. SPU 1960 жылы құрылған және басты корпусы Шанхай қаласында орналасқан.

Талаптары:

1.     Үміткерлер «Бір белдеу бір жол» бағдарламасы елдерінің азаматтары болуы тиіс;

2.     Үміткерлер 18 жастан 23 жасқа дейін болуы тиіс;

3.     Мектепте жақсы үлгерімі болуы қажет;

4.     HSK 3 немесе осы дәрежеге сәйкес қытай тілі деңгейі болуы тиіс;


Грант келесі шығындарды қамтиды:

     • тегін оқыту;

     • жатақханада тұру;

     • ай сайынғы стипендия 350$;

     • медициналық сақтандыру.

Үміткерлер 2019 жылдың 15 мамыр айына дейін қажетті құжаттарды сканерленген түрде 1 данада келесі электронды адресіне жіберуі қажет: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Құжаттар пакеті толық емес және өтінім формасы дұрыс толтырылмаған жағдайда үміткердің құжаттары қабылданбайды.


*Хаттың тақырыбында МІНДЕТТІ түрде үміткердің аты-жөні (ағылшын әріптерімен) + университет атауы «Shanghai Polytechnic University» + chinese courses деп жазылуы қажет.


Қажетті құжаттар:

1.Грантқа өтінімнің № 1 қосымшаға сәйкес формасы;

2.Аттестат қосымшасымен (мектеп оқушылары мектептен анықтама және 11 немесе 12-сынып үшін табель тапсыруы қажет), нотариалды куәландырылған ағылшын немесе қытай тілінегі аудармасымен;

3.Үміткерлердің үздік үлгерімін дәлелдейтін басқада қосымша құжаттар (мақтау,марапаттау қағаздары);

4.Бакалавр студенттері транскриптін ұсынуы тиіс (нотариалды куәландырылған ағылшын немесе қытай тілінегі аудармасымен);

5.Паспорттың көшірмесі (өтініш берушінің деректері бар бірінші бет);

6.Үміткерлер мектеп мұғалімінен немесе басқа білім беру ұйымынан қытай немесе ағылшын тілінде жазылған ұсыныс хатын беруі керек;

7.2 дана паспортқа арналған фото (3.3×4.8).

Ескерту*

Үміткерлер тілдік курсты Шанхай педагогикалықуниверситетінде өтеді. Аталған курсты аяқтағаннан кейін үміткерлер Шанхай политехникалық университетіне бакалавриат бойынша оқуы тиіс. 1 курс студенттеріне тек оқу ақысы және медициналық сақтандыру қамтылатын В гранты беріледі. 1 курсты аяқтағаннан кейін оқу үлгерімі өте жақсы студенттер оқу ақысы, тұратын орын, ай сайынғы стипендия және медициналық сақтандыру қамтылатын толық А грантын алуға мүмкіндігі болады.

Ескерту!!!

Үміткерлерді таңдауды Қытай тарапы жүргізеді және оқуға алу бойынша соңғы шешімді Шанхай политехникалық университеті қабылайды

Толығырақ ақпаратты және мамандықтар тізімін университет сайтынантаба аласыз.

Сұрақтар бойынша келесі телефонға хабарласыңыз:
+7 (7172) 769-071

+7 776 176 4358

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design