«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

Эдит Коуэн Университетінің Инженерия мектебі (Австралия) PhD-бағдарламасына грант ұсынады

1

Инженерия мектебі Автралиядағы жылдам дамушы инженерлік мектептердің бірі. Times High Education ақпараты бойынша 2019 жылы Эдит Коуэн Университеті әлемдегі 250-үздік жоғары оқу орнына кірген. ЖОО-ның инженерлік зертханалары жаңа құралдармен жабдықталған.

Мектеп қазақстандықтар үшін Chemical, Civil, Electrical, Mechanical and Petroleum Engineering бағыттары бойынша PhD-бағдарламасында оқу үшін білім гранттарын ұсынады.

Грантқа үміткерлер Эдит Коуэн Университетінің іріктеу өлшемшарттарына сәйкес келулері және тамаша зерттеу әлеуетін көрсету алулары тиіс.

Білім грантының мөлшері 33 автралиялық долларды құрайды және академиялық оқудың шығындарын өтейді.

Құжаттар тізімі:

§  Эссе – зерттеу мәселесінің қысқаша сипаттамасы;

§  CV, ғылыми жарияланымдардың тізімін қоса алғанда;

§  Транскрипті бар диплом көшірмесі;

§  Ағылшын тілін меңгеру сертификаттары (ағылшын тілінде жоғары білімі жоқ үміткерлер үшін).

Құжаттың форматф:

Барлық жоғарыда аталған құжаттарды PDF форматында бір құжатпен жіберу (10 МБ). Хаттың тақырыбын көрсету: ECU (PhD Engineering).

Ғылыми жетекшіге A/Prof Mehdi Khiadani (Associate Dean, research) іріктеуге арналған құжаттар жіберіледі.

Ғылыми жетекші мақұлданған соң үміткерлерге таңдап алынған бағыты бойынша тіркеуге рұқсат беріледі.

Оқудың басталуы:2020 жылғы 1 семестрден бастап (ақпан-наурыз).

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі: 2019 жылғы14 тамыз

Толық ақпарат төмендегі сілтемеде берілген:

https://www.ecu.edu.au/schools/engineering/courses

https://www.ecu.edu.au/schools/engineering/research-activity

Конкурстық іріктеуді жоғары оқу орны жүргізеді.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласу нөмірі: 8 (7172) 24 93 74

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design