«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

Шехир Университетінде оқуға арналған гранттар (Стамбул)

Turkey-Istanbul-Best-Photos

2008 жылы негізін қалаған Стамбул Шехир университеті Түркия еліндегі беделді университеттерінің бірі болып табылады. Университет 12 қауымдастырылған бағдарлама, 22 бакалавриат, 17 магистратура және 3 докторантура бағдарламалары арқылы оқуды ұсынып отыр. Қазір білім алушылардың жалпы саны — 5000 студент, оның ішінде 18% шетелдік студенттер. Университет туралы толық ақпаратты, келесі сілтеме арқылы біле аласыз. (https://sehir.edu.tr/en/about-us)


Мамандықтар тізімі:


Гуманитарлық ғылымдар колледжі
1. Саяси ғылымдар және халықаралық қатынастар (оқу тілі – ағылшын / түрік)
2. Әлеуметтану (оқу тілі – ағылшын)
3. Психология (оқу тілі – ағылшын / түрік)
4. Философия (оқу тілі – ағылшын)
5. Тарих (оқу тілі – ағылшын)
6. Түрік тілі және әдебиет (оқу тілі – ағылшын – 30%, түрік – 70%)


Инжиниринг және жаратылыс ғылымдары колледжі
1. Компьютерлік ғылымдар және инжиниринг (оқу тілі – ағылшын)
2. Электр және электронды машина жасау (оқу тілі – ағылшын)
3. Өнеркәсіптік инженерия (оқу тілі – ағылшын / түрік)


Менеджмент және әкімшілік ғылымдар мектебі
1. Менеджмент (оқу тілі – ағылшын)
2. Халықаралық сауда және менеджмент (оқу тілі – ағылшын)
3. Кәсіпкерлік (оқу тілі – түрік)
4. Ақпараттық жүйелер менеджменті (оқу тілі – түрік)
5. Экономика (оқу тілі – ағылшын)


Коммуникациялар колледжі
1. Кинематография және телевидение (оқу тілі – ағылшын / түрік)
2. Жұртшылықпен байланыс (оқу тілі – түрік)


Құқық факультеті
1. Құқық (оқу тілі – ағылшын – 30%, түрік – 70%)

Үміткерлерге арналған талаптар:
— Жалпы орта білім туралы аттестат (9,10 және 11 сыныптардағы орташа балл – 5-тен 4)
— жоғарғы оқу орнын бітіргеніне байланысты диплом және оның қосымшасы
— TOEFL IBT жарамды сертификаты (мин. балл – 90), сертификат болмаған жағдайда IELTS сертификатының көрсеткіші алдын ала бағаланады. Университетке түскен жағдайда ағылшын тілін білу деңгейін анықтау мақсатында қосымша емтихан өткізіледі. Тілді білу деңгейі төмен болған жағдайда, студент тілдік курстарға алынады
— Сертификаттар (SAT, ACT, IB және т.б.) бар болған жағдайда
— Ұсыныс хаты (пән мұғалімінен, жетекшісінен, профессор тарапынан және т.б.)
— Мотивациондық хат.


Құжаттарды келесі сілтеме арқылы онлайн түрде тапсыруыңыз қажет. (https://apply.sehir.edu.tr/enter/194)

Тұру үшін жобаланған шығындар:
студенттер жатақханасында тұру — жылына 1900 USD
пәтер (3–4 бөлмелі) жалдау айына — 300 USD
тамақтану айына — 100 USD
медициналық сақтандыру жылына — 50 USD
қоғамдық көлікпен жүру айына — 30 USD құрайды

Сұрақтарыңыз туындаған жағдайда
+7 (7172) 24-93-71, +7 776 176 43 58, +7 747 269 22 35
нөмірі бойынша хабарласуыңызға болады.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design