«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

Корея университеті Қазақстандық студенттерге назар аударып отыр

542A4343

Ағымдағы жылдың 29 сәуірінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ басшылығы Оңтүстік Кореяның Ғылым және технология университетінің (University of science and technology (UST) өкілдерімен кездесу өткізді.

Келіссөздер барысында ынтымақтастық туралы бірқатар келісімдерге қол жеткізілді. Университет қазақстандық студенттерді UST университетінде магистратура және докторантура бағытында ғылыми зерттеулер жүргізу үшін толық гранттар беруге дайын. Университет жаратылыстану ғылымдары, ақпараттық технологиялар, биотехнология, нанотехнология, қоршаған ортаны қорғау, ғарыштық технологиялар, робототехника, био-медицина саласындағы табысты зерттеушілерді тағайындайды. Делегацияның келген мақсаты — Қазақстанның көптеген талантты студенттерін тарту. Нәтижесінде тараптар өзара тиімді ынтымақтастық туралы келісімге қол қоюға келісті.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design