«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Қателік
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 67

Чунг-Анг университетінде оқу арналған жеңілдіктер

Korea Internship Overview

Чунг-Анг Университеті – бұл, құрамында 30 000 студенті және 982 оқытушысы бар жекеменшік оқу орны. Оқу орны 10 факультеттен, 16 жоғарғы мектептен тұрады және Сеул мен Ансонда екі кампусы бар.
Университет бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларының кең спектрін, оған қоса заң мектебін, MBA жаһандық бағдарламалары мен медициналық мектепті ұсынады. CAU фармацевтика, мәдениет және көркем білім саласы бойынша елдегі ең үздік оқу орны болып танылған.


«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі — Орталық) және Чунг-Анг университеті (бұдан әрі — Университет) келісімге қол қойып, оның негізінде университет талаптарына жауап беретін және Орталық ұсынған барлық студенттерге 50% жеңілдік беріледі.
Университет магистранттар мен докторанттарға 2019 жылдың күзгі семестріне құжаттарды қабылдау туралы хабарлайды.


Онлайн тіркелу мерзімі: 03.05.2019 – 14.05.2019
Құжаттарды пошта арқылы жіберу: 15.05.2019 дейін


Сұхбат: 31.05.2019 — 01.06.2019 (инженерлік, медициналық және өнерпаз мамандықтар) 07.06.2019 — 08.06.2019 (басқа мамандықтар)
Нәтижелерді жариялау: 21.06.2019


Кандидаттарға қойылатын талаптар:
1) Кандидаттар аккредиттелген жоғары оқу орнында бакалавриат (магистратураға) және магистр дәрежесі (докторантураға) болуы керек
* Сонымен қоса, бакалавриат бағдарламасы бойынша алған мамандығы тапсырған мамандықпен ерекшеленуі мүмкін
* Соңғы курста оқып жүрген кандидаттар 2019 жылдың 31-тамызынан кешіктірмей университетке дипломды тапсыруы тиіс.
2) Кандидаттарда шет тілін білу туралы куәлігі болуы керек: TOPIK 3 және одан жоғары немесе TOEFL PBT 530 (CBT 197, IBT 71), IELTS 5.5, CEFR B2, TEPS 600
* Бұл шарт ағылшын тілінде сөйлейтін мемлекетте мектепті бітірген немесе Корей университеттерінде бакалавриат немесе магистратураны бітірген үміткерлерге қолданылмайды.
Қалай өтініш беруге болады?


Өтініш беру бірнеше кезеңдерде жүргізіледі.
CAU-ға түсуге өтініш білдіргісі келетін кандидаттар, толық аты-жөнін (орыс және ағылшын тілінде), бағдарлама мен қажетті мамандықты көрсете отырып, This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электрондық поштасына жіберуіңізді сұраймыз.
1) www.uwayapply.com (қосымша тіркеуді талап етеді) немесе oia.cau.ac.kr сайтына өтіңіз
2) Онлайн-өтінім формасын толтырыңыз және оны сақтаңыз.
3) Интернеттегі тіркеуді аяқтаған соң, $ 100 мөлшерінде тіркеу алымын төлеңіз (онлайн немесе халықаралық аударым арқылы төлеу мүмкігдігі бар)
4) Төлемді растағаннан кейін толтырылған анықтаманы және тіркеу формасын (Admission ticket) басып шығарып, университетке құжаттарды жіберіңіз:
zip code 06974, Office of International Affairs, Chung-Ang University
Building No. 201, 84 Heukseok-ro, Dongjak-gu, Seoul, Korea
Tel: 82-2-820–6272 / E-mail: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.


Қажетті құжаттар:
1) Толтырылған онлайн-анықтама
2) Университет формасы бойынша оқу жоспары (сайттан жүктеп алу)
3) Бакалавриат дипломы (магистратура бағдарламасына) немесе магистратура дипломы (докторантура бағдарламасына) немесе университті бітіруі жайлы оқу орнынан анықтама
4) Транскрипт
5) Екі ұсыныс хаты (докторантураға үміткерлерге міндетті)
6) Ғылыми мақалалар тізімі және абстрактпен олардың көшірмелері (тек докторантура үміткерлер үшін)
7) Шет тілін білу туралы сертификаттар
8) Туу туралы куәліктің көшірмесі
9) Кандидаттың және ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесі
10) Кандидаттың паспортының көшірмесі
11) Соңғы білімі туралы формасы (сайттан жүктеп алынған)
12) Қаржылық мүмкіндіктерді растау формасы (банктік шотта кемінде 20 000 АҚШ доллар болу керек)
13) Жұмыс орнынан анықтама (егер бар болса)


Ескерту:
* Барлық құжаттардың түпнұсқалары немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмелері болуы керек.
* Ағылшын немесе корей тілдерінде емес барлық құжаттар нотариалды куәландырылған аудармамен бірге болуы керек.
* Құжаттар уақытында университетке келуі керек. Соңғы қабылдау мерзімнен кейін алынған құжаттар қабылданбайды.
* Барлық формалар мен нұсқауларды мына сілтеме бойынша жүктеуге болады: https://oia.cau.ac.kr/20150504/eng/sub05/sub0502_2.php
* Қолжетімді мамандықтардың тізімі және оқу құны жоғарыда көрсетілген сілтеме бойынша нұсқаулықтан табуға болады
* 50% жеңілдікпен оқуға түскеннен кейін студент іріктеу критерийлеріне сай келетін болса, университеттің басқа стипендиялары бойынша қарастырылуы мүмкін.
* Университеттен шақыру алғаннан кейін, студент оқу басталуына дейін диплом және транскриптың апостилденген көшірмесін университетке беруі керек.
* Ағылшын тілінде оқытылатын мамандықтар мен бағдарламалар саны шектеулі. Ағылшын тіліндегі бағдарламалармен сайттан немесе електрондық пошта арқылы танысуға болады:
* Кейбір мамандықтар бойынша қосымша емтихандар мен портфолио ұсынуға талаптар қойылуы мүмкін.


Қосымша ақпарат алу үшін 8 (7172) 76 90 69 телефонына хабарласыңыз

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design