«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Қателік
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 67

Германияда оқу үшін «COPERNICUS» семестрлік шәкіртақы бағдарламасы

berlin-not-germany-4

COPERNICUSстипендиясы студенттерге Германияда ұмытылмас уақыт өткізуге мүмкіндік береді! Бағдарлама тек тіл мен мәдениетті ғана емес, өзінің жеке қасиеттерін дамытуға мүмкіндік береді.

COPERNICUSШығыс және Орталық Еуропа, Орталық Азия елдерінің студенттеріне Берлин және Гамбург қалаларында семестрлік оқудан өту үшін 6–10 стипендияны ұсынады. Қаржыландыру кезеңі шамамен алты айды құрайды,оның нақты басталуы мен аяқталуы жоғары оқу орындарының дәрістік кезеңдеріне байланысты.

Соңғы екі-үш ай ішінде стипендиаттар тағылымдаманы өтеді.Тағылымдаманы өтушілер, әдетте, халықаралық компанияларда, заң фирмаларында, мемлекеттік органдарда немесе ұйымдарда жұмыс істейді.

COPERNICUS гранты тұру, тамақтану, медициналық сақтандыру, оқыту және қоғамдық көлік шығындарын қамтиды. Бұдан басқа визалық мен көлік шығындары бағдарламен төлінеді.

Талаптар:

КІМ ӨТІНІМ БЕРЕ АЛАДЫ?

1. Келесі мамандықтар студенттері:

- Құқықтану;

- Саясаттану / Халықаралық қатынастар;

- Экономикалық ғылымдар;

- Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар;

- Жаратылыстану ғылымдары;

Берлин Гумбольдт университеті мен Гамбург университеті беттерінде оқу пәндерінің нақты тізімі бар.

2. Қазақстанда кем дегенде 1 семестр оқыған студенттер (бакалавриат және магистратура бағдарламалары);

3. Аспиранттар / PhD докторанттары өтінім бере алмайды;

4. B2 — C1 деңгейінде неміс тілін меңгерген студенттер;

5. Волонтерлік жұмыспен айналысатын студенттер;

6. Студенттен күту:

- Германияда оқуға негізделген қызығушылық.

- қонақ отбасында өмірді қабылдау мүмкіндігі ретінде.

- оқуды аяқтағаннан кейін COPERNICUS бағдарламасымен ынтымақтасуға дайын болу.

Құжаттарды тапсыру мерзімі: 1 қыркүйек (жазғы семестрде оқуды бастау үшін) және 1 наурыз (қысқы семестрде оқуды бастау үшін).

Қажетті құжаттар:

- Толтырылған формуляр - DATENBLATT ZUM AUSFÜLLEN (жүктеу мұнда);

- Мотивациялық;

- Резюме;

- Елдің әлеуметтік және саяси өміріндегі еріктілік және т. б.;

- Бірге тұратын отбасына хат;

- Аттестаттың көшірмесі;

- Оқу өтетін ЖОО — дан бағалардың транскрипті;

– В2-С1 деңгейіндегі неміс тілінің сертификаты;

- Фото.

Құжаттарды Email арқылы жіберуге болады stip-bewerbung@copernicus-stipendium.de немесе пошта арқылы:

Copernicus Hamburg e.V.

Mittelweg 11-12

20148 Hamburg.

Қосымшаақпараттыhttps://www.copernicus-stipendium.de/ сайтынаналуғаболады.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design