«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

Кореялық алдыңғы қатарлы технологиялар институтында (KAIST), магистратура мен докторантураға арналған толық гранттар

20. КАИСТ

Алдыңғы қатарлы технологиялардың Корей институты (KAIST) – бұл Тэджон қаласында орналасқан

Оңтүстік Корей жетекші оқу және зерттеу университеті. Университет 1971 жылы құрылған және жаратылыстану ғылымы, инженерия және бизнес салаларындағы мамандарды дайындайды. Университет жоғарғы ғылыми-зерттеу әлеуетіне және академиялық беделге ие. 2016 және 2017 жылдарды Thomson Reuters KAIST университетін әлемдегі инновациялық университеттердің ішіндегі алтыншысы деп және Азия-Тынық мұхит өңіріндегі ең инновациялық университет деп атаған. Осы жылдары университет әлемде 46-шы орын, Азияда 6-шы орын, QS университеттерінің әлемдік рейтингтегі техника және технологиялар аймағында 14-ші орын алды. Барлық сабақтардың 80% ағылшын тілінде өткізіледі.

Университет жыл сайын бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларының шетел студенттері үшін толық шәкіртақы ұсынады. Шәкіртақыға оқудың толық ақысы, 300$ көлемдегі ай сайынғы шәкіртақы және медициналық сақтандыру кіреді.

2020 жылдың көктемгі семестріне құжаттарды қабылдау.

Үміткерлер үшін талаптар:

1. Үміткерлер оқу басталғанға дейін бакалавр / магистратура бағдарламасын бітірген болуы керек.

2. Ағылшын тілі IELTS 6.5, TOEFL IBT 83, TOEFL PBT 560 деңгейінен төмен болмауы тиіс.

Онлайн тіркелу мерзімі:

Онлайн тіркелу: 23.08.2019 ж – 20.09. 2019 ж.

Құжаттарды қабылдау: 23.08.2019 ж – 27.09.2019 ж.

Өтініш беру процедурасы:

Келесі сілтеме бойынша өтіңіз:http://admission.kaist.ac.kr/international.Онлайн-сауалнаманы толтырып, файлды сақтаңыз. Сауалнаманы дұрыс толтырғандығыңызды тексеріңіз.

Оқу өтінішін қарастыру үшін 80$ алымды кредиттік картамен немесе аударыммен төлеңіз. Алым қайтарылмайды. Сонымен қатар, сауалнамадағы мәліметтердің дұрыс толтырылғанына көз жеткізіңіз, себебі төлем аяқталған соң сіз сауалнамадағы мәліметтерді өзгерте алмайсыз.

Барлық қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін онлайн режимде жүктеп алыңыз.

Толтырылған онлайн-сауалнаманы басып шығарыңыз. Ары қарайғы процедуралар және нәтижелерді тексеру үшін өзіңіздің тіркеу номеріңізді есте сақтаңыз.

Толтырылған өтініш бланкін және барлық қажетті құжаттарды мына мекен-жайға жіберіңіз:

Graduate Admissions Team, KAIST #110, 1st Floor, E16–1 B/D 291 Daehak-ro, Yuseong-gu, Daejeon 34141 Republic of Korea T. +82-42-350–2352, 2354 E. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Университеттің құжаттарды алғаны жайлы ақпаратты университет сайты арқылы тексеруге болады. Университет үміткерлерді жекеше хабардар етпейді.

Өтініш беру үшін құжаттар:

-Checklist (өтініш анкетасымен бірге басып шығарылады)

-Сауалнаманы толтыру

-Қаржылық ресурстар туралы өтініш– өтініште KAIST шәкіртақысын таңдау керек

-Екі нұсқа ұсыныс хаттар (форма 1)

-Дипломның нотариалды куәландырылған көшірмесі (бакалавр / магистр)

-Транскриптінің нотариалды куәландырылған көшірмесі (бакалавр / магистр)

-Ағылшын тілі деңгейінің сертификаты

-Резюме (кез-келген формада)

-Өтініш берушінің төлқұжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі

-Өтініш берушінің ата-анасының төлқұжатының нотариалды куәландырылған көшірмесі

-Марапат және мадақтамалар

-Жұмыс орнынан анықтама, департамент, лауазым, атқаратын міндеті көрсетілуі қажет (бар болған жағдайда)

* Ұсыныс хаттары ағылшын немесе корей тілінде университеттегі куратор, не ғылыми жетекші ретіндегі профессор жазуы тиіс. Сондай-ақ, жұмыс орнынан куратор, не басшылардан берілген ұсыныс хаттар да қабылданады. Ұсыныс хат ұйымның фирмалық бланкісінде, мекен-жайы, телефон нөмірі және электрондық поштасы көрсетілуі керек. Онлайн төлем жасалғаннан кейін, форманы толтыруға арналған электронды сілтеме ұсыныс берушілердің электронды мекен-жайына автоматты түрде жіберіледі. Сондықтан ұсыныс берушілердің электрондық поштасын дұрыс толтыру ұсынылады.

Сауалнама формалары, өтініштерді келесі сілтемеден жүктеп алуға болады: https://admission.kaist.ac.kr/international/?page_id=16

* Барлық құжаттар ағылшын тіліне аударылуы тиіс және нотариаоды куәландырылуы қажет. Аударманы түпнұсқамен бірге жіберу керек

* Грантқа қабылдау туралы ақырғы шешімді университет қабылдайды

* Оқуға түсу туралы толық нұсқаулықты көшіріп, ағылшын тіліндегі оқу бағдарламасымен танысыңыз:

https://admission.kaist.ac.kr/international/wp-content/uploads/2019/06/Spring-2020-Graduate-Admissions-Guideline.pdf

Сұрақтарыңыз болса, келесі телефонға хабарласыңыз: +7 (7172) 76 90 69

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design