«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Қателік
  • JUser: :_load: Unable to load user with ID: 68

Кореялық алдыңғы қатарлы технологиялар институтында (KAIST), бакалавриатқа арналған толық гранттарға құжаттар қабылдау мерзімі, Оңтүстік Корея.

28. каист

Алдыңғы қатарлы технологиялардың Корей институты (KAIST) – бұл Тэджон қаласында орналасқан Оңтүстік Корей жетекші оқу және зерттеу университеті. Университет 1971 жылы құрылған және жаратылыстану ғылымы, инженерия және бизнес салаларындағы мамандарды дайындайды.

Университет жоғарғы ғылыми-зерттеу әлеуетіне және академиялық беделге ие. 2016 және 2017 жылдарды Thomson Reuters KAIST университетін әлемдегі инновациялық университеттердің ішіндегі алтыншысы деп және Азия-Тынық мұхит өңіріндегі ең инновациялық университет деп атаған. Осы жылдары университет әлемде 46-шы орын, Азияда 6-шы орын, QS университеттерінің әлемдік рейтингтегі техника және технологиялар аймағында 14-ші орын алды. Барлық сабақтардың 80% ағылшын тілінде өткізіледі.

Университет жыл сайын бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламаларының шетел студенттері үшін толық шәкіртақы ұсынады. Шәкіртақыға оқудың толық ақысы, 300$ көлемдегі ай сайынғы шәкіртақы және медициналық сақтандыру кіреді.

2020 жылдың көктемгі семестріне құжаттарды қабылдау.

Үміткерлер үшін талаптар:

-Үміткерлерде 2020 жылғы 28 ақпанға дейін орта білімі болуы керек

- Ағылшын тілі IELTS 6.5, TOEFL IBT 83, TOEFL PBT 560 деңгейінен төмен болмауы тиіс.

Онлайн тіркелу мерзімі:

Онлайн тіркеу және құжаттарды жіберу: 2019 жылғы 2 қыркүйек — 2019 жылғы 25 қазан

Ұсыныс хатын ұсыну: 31 қазан 2019 ж. дейін.

Өтініш беру процедурасы:

Келесі сілтеме бойынша өтіңізhttp://admission.kaist.ac.kr/international. Онлайн-сауалнаманы толтырып, файлды сақтаңыз. Сауалнаманы дұрыс толтырғандығыңызды тексеріңіз.

Оқу өтінішін қарастыру үшін 80$ алымды кредиттік картамен немесе аударыммен төлеңіз. Алым қайтарылмайды. Сонымен қатар, сауалнамадағы мәліметтердің дұрыс толтырылғанына көз жеткізіңіз, себебі төлем аяқталған соң сіз сауалнамадағы мәліметтерді өзгерте алмайсыз.

Банк аударымы туралы ақпарат:

1) Bank Name: Woori Bank

2) Branch Name: KAIST Branch

3) Bank Address: 291 Daehak-ro, Yuseong-gu, Daejeon, Korea (34141)

4) Account Number: 270-003359-41185(USD)

5) Beneficiary: KAIST

6) Swift Code: HVBKKRSExxx

7) Message: Applicant’s full name

Барлық қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін онлайн режимде жүктеп алыңыз.

Толтырылған онлайн-сауалнаманы басып шығарыңыз. Ары қарайғы процедуралар және нәтижелерді тексеру үшін өзіңіздің тіркеу номеріңізді есте сақтаңыз.

Толтырылған өтініш бланкін және барлық қажетті құжаттарды мына мекен-жайға жіберіңіз:

Undergraduate Admissions Team, Office of Admissions, KAIST

#102, Yang Boon Soon Bldg. (E16-1)

291 Daehak-ro, Yuseong-gu, Daejeon 34141, Republic of Korea

Tel: (+82-42) 350-4803

Университеттің құжаттарды алғаны жайлы ақпаратты университет сайты арқылы тексеруге болады. Университет үміткерлерді жекеше хабардар етпейді.

Ұсыныс хатты – жіберу мерзімінің аяқталуына дейін ұсынушы жөнелту қажет.

Өтінімнің мәртебесін тексеріңіз (құжаттар сәтті жүктелгенін немесе жіберілгендігін тексеріңіз). Егер сізде құжаттар толық болмаса, сіздің мәртебеңіз аяқталған болмайды. Қосымша құжаттарды қабылдау мерзімі біткенше жүктеңіз / жіберіңіз.

Оқуға түсу және стипендия туралы соңғы нәтижелеріңізді келесі сілтеме бойынша тексере аласыз: https://apply.kaist.ac.kr/InterApply/InterApply/Login

Өтініш беру үшін қажетті құжаттар:

-Сауалнаманы толтыру

-Бір ұсыныс хат

Онлайн тіркелу ұсыныс хаттың формасын толтырғаннан кейін бірден аяқталады.

-5 бет көлемінде сіздің мектебіңізге арналған ақпарат (ресми профиль, мектеп немесе Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жариялаған брошюралар, сайт, рейтингтер, оқушылардың статистикасы және т.б.)

-Орта мектептің соңғы 3 жылындағы бағалар көрсетілген табель / транскрипт

-Үміткерлер SAT 1, SAT 2, AP, IB, ҰБТ нәтижелері, Халықаралық Олимпиаданың сертификаттары сияқты ресми сертификаттардың кем дегенде біреуін жіберуі керек. Сізде SAT 2 сертификаты міндетті түрде болуын талапетеді (Математика 2 деңгей, Физика, Химия (немесе биология))

-Ағылшын тілі деңгейінің сертификаты

-Төлқұжат немесе жеке куәлік

- Қаржылық ресурстар туралы өтініш– өтініште KAIST шәкіртақысын таңдау керек

- Марапат және мадақтамалар

* Ұсыныс хаты ағылшын немесе корей тілінде мектеп кураторы, сынып жетекшісі немесе математика / ғылым мұғалімі жазуы керек. Онлайн төлем жасалғаннан кейін, форманы толтыруға арналған электронды сілтеме мұғалімнің электронды мекен-жайына автоматты түрде жіберіледі. Сондықтан мұғалімнің электрондық поштасын дұрыс толтыру ұсынылады.

*SAT2, SAT1, AP, ACT сертификаттары тікелей KAIST-ке ресми агенттіктерден жіберілуі керек (жіберу 1–2 апта уақыт алады)

*Сауалнама формалары, өтініштерді келесі сілтемеден жүктеп алуға боладыhttps://admission.kaist.ac.kr/international/?page_id=6

* Барлық құжаттар ағылшын тіліне аударылуы тиіс және нотариаоды куәландырылуы қажет. Аударманы түпнұсқамен бірге жіберу керек

* Грантқа қабылдау туралы ақырғы шешімді университет қабылдайды

*Оқуға түсу туралы толық нұсқаулықты жүктеп, сілтемені басу арқылы ағылшын тіліндегі академиялық бағдарламалармен танысыңыз: 
https://admission.kaist.ac.kr/international/wp-content/uploads/2019/08/Admission-Guide-for-international-applicants-2020_Final1.pdf


Сұрақтарыңыз болса, келесі телефонға хабарласыңыз: +7 (7172) 76 90 69

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design