«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ҚҰЖАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАУ:

8 (7172) 76 90 82  76 90 84  24 93 85  24 93 86.

СЕНІМ ТЕЛЕФОНЫ:

8 (7172) 76 90 98

АЛЫС ҚАЛҒАН АРМАНЫМА АЯҚ БАСТЫМ

49346004_968802113311785_1407738731707760640_o_photo-resizer.ru_2.jpg

Журналист, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері, бірнеше кітаптың авторы, «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегері Нәзира Байырбек өз пікірімен бөлісті.


АЛЫС ҚАЛҒАН АРМАНЫМА АЯҚ БАСТЫМ
Оқып, білімімді жалғастыру көп жылдан бергі арманым еді. Екі рет оқуға түссем деп оқталдым, бірақ Құдай маған сәби сүюді, балаларымның буыны қатайып, қанаттанғанша отандық журналистикада қызмет етуді ғана нәсіп етті. Қазір, Аллаға шүкір, бес балам бар.  Бірақ бұған дейін қазақ журналистикасындағы өз қызметімді абыроймен атқаруға, жеке шығармашылықпен айналысып, кітаптарымды шығаруға кедергі келтірмеген балаларым оқуға да кедергі келтірмейтініне сендім.

Сөйтіп, тәуекел етіп «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқуға құжат тапсырдым.
Еңбексіз келген нанның дәмі болмайды. Маған бұл мүмкіндік еңбексіз келген жоқ. Әуелде жатпай-тұрмай ағылшын тілін оқып, қысқа мерзімде үйренгенімді сынап көрмекке IELTS емтиханын тапсыруға жазылдым. Ойымда — оқуға тапсырмас бұрын тәуекел ету не тәжірибе жинау ғана еді. Бірақ, жолым жеңіл болды, алғашқы талпынысымда-ақ «Болашақпен» шетелде оқуға қажетті баллды жинай алдым…
Бұл маған әрі қарай ұмтылуға сенім берді. Оқу орталығына құжаттарымды топтастырып, емтихандардан өттім. Емтихан нәтижелеріме күмәнім болмаса да, «Болашақ» стипендиясының иегері ретінде фамилиямды тізімнен көргенше дегбірім қашқанын жасыра алмаймын. Бұған сөз жоқ менің  жасым, арманымның ұзақ жылдардан бері алынбас асудай болып алыстап кеткені себеп болды…
Бірақ, Аллаға шүкір, аңсаулы күнге де жеттім!
Міне, мен де оқығалы отырмын. Бұрын елдегі оқу орындарында магистратура, докторантура бойынша оқып жатқан құрбыларыма, әріптестеріме қызыға қарасам, енді мен өзім ұмтылған — әлемнің айтулы елі, қай жағынан да даму бойынша алдыңғы қатарда келе жатқан АҚШ-та оқымақшымын. Бұл сонда өңім бе, түсім бе?..
Иә, мен әлі сене алмай келе жатырмын. Оқып, заман көшінен қалмай жетілуіме даңғыл жол алышып тұр. Мемлекет менің оқуым үшін қыруар қаражат бөлмек. Ал мен соны өтей алам ба?
Бұл ой, әрине, өз жауапкершілігімді терең сезінуден туып отыр.
Мен қазір білім және тәжірибе атты биік белеске аяқ басқалы тұрмын. Қызығы мен шыжығы мол, маған берері көп бір жарқыраған әлемнің есігін қағып тұр. Бұл әлем менің көзқарасыма, кәсіби деңгейіме, азаматтық және тұлғалық болмысыма сөзсіз ықпалын тигізетін шығар.
Осындай бақыт, осы бір тамаша күйді сезінуіме мүмкіндік берген Елбасына «Болашақ» бағдарламасын енгізгені үшін шексіз ризашылық білдіргім келеді.
Азаматтарының білімін өсіріп, көкжиегін  кеңейтуден аянбаған елдің ертеңіне сенуге болады.
Ертең оқуға барғанда мен елімнің дәл осы ұстанымын мақтанышпен айта аламын.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design