«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Phystech.International» 2019 халықаралық олимпиадасына шақыру

физмат1

Ресей бірлестігі мен Мәскеу физика-техникалық институты физика және математика пәндері бойынша http://phystech.international/сайтында «Phystech.International» 2019 атты халықаралық олимпиадасына қатысуға шақырады.

МФТИ жайында не білуіңіз қажет?

Мәскеу физика-техникалық институты – фундаменталды және қолданбалы физика, математика, информатика, химия, биология, компьютерлік технологиялар және өзге де жаратылыс және нақты ғылымдарды оқытатын алдыңғы қатарлы ғылыми орталық. Үздік 80 лабораторияларда қартаю мәселелері мен егде жастағы ауруларды, қолданбалы және фундаменталды физика, наноптика, фотоника және т.б. зерттейтін әлемге танымал ғалымдар жұмыс істейді.

МФТИ түлектері арасында Нобель сыйлығының иегерлері Андрей Гейм және Константин Новоселов, ABBYYкомпаниясының негізін қалаушы Давид Ян, «VeeamSoftware»-ні құрған әрі оның президенті Ратмир Тимашев, Revolutкомпаниясының негізін қалаушы Николай Сторонски, РФ президенті сыйлығының иегері және Берлиндегі FallingWallsжас инноваторлар халықаралық конкурсының лауреаты Максим Никитин, Александр Калери, Юрий Батурин және Александр Серебров сынды ғарышкерлер бар.

«Phystech.International» олимпиадасынан нақты не аласыз?

Олимпиаданың онлайн кезеңінің жүлдегерлері мен жеңімпаздары автоматты түрде Физтех олимпиадасының ақтық кезеңіне жолдама алады. Phystech.International олимпиадасының соңғы кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері МФТИ –ге оқуға түсерде жеке жетістіктерінің балл көрсеткішін еншілейді.

Олимпиаданың шетелдік бітіруші сынып қатысушыларының нәтижесі сол жерде Ресей Федерациясы Үкіметі квотасының шеңберінде мемлекеттік қаржыландырылатын конкурстық іріктеу барысында есептеледі.

Кімдер қатыса алады?

«Phystech.International» -ға ТМД елдері, таяу және алыс шет елдердің жалпы білім беретін мектептерінің 9–11 (10–12 – 12 жылдық білім беру бойынша) сынып оқушылары қатыса алады. Биыл олимпиада бесінші рет өтетін болады. Олимпиада өткізілген кезден бері оған әлемнің 100-ден астам елінен 20000 үміткер қатысқан.

Қалай қатысуға болады?

«Phystech.International» сілетемесі арқылы олимпиадасына тіркелуге және сұрақ қоюға болады.

Олимпиада екі кезең бойынша өтеді: бірінші кезең іріктеуден тұрады және онлайн режимде өтеді. Шешуші кезеңде математика мен физика пәндері бойынша жеке оффлайн өтеді.

Онлайн кезеңнің жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті пән бойынша Phystech.International мен «Физтех» олимпиадаларының соңғы кезеңіне шақырылады.

Олимпиада өткізілетін күндер:

21 тамыз – 10 қараша – онлайн кезең

30 қараша – математика бойынша оффлайн кезең

1 желтоқсан – физика бойынша оффлайн кезең

Олимпиадаға қалай дайындалу керек?

Олимпиадаға дайындалу үшін өткен жылдардағы тапсырмаларды шешіп, Abitu.net порталындағы МФТИ оқытушыларының арнайы лекцияларын қараңыз:

Физика. 11 сыныпқа арналған олимпиада тапсырмаларын талдау;

Физика. 9, 10 сыныпқа арналған олимпиада тапсырмаларын талдау;

Математика. 11 сыныпқа арналған олимпиада тапсырмаларын талдау;

Математика. 9, 10 сыныпқа арналған олимпиада тапсырмаларын талдау;

МФТИ оқытушыларынан математика бойынша олимпиадаға дайындалу;

МФТИ оқытушыларынан физика бойынша олимпиадаға дайындалу.

Іске сәт!

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design