«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Astana IT University» ақпараттық технологиялар универсітінің проректоры Карстен Вольфпен кездесті

1

2019 жылғы 21 қарашада «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Astana IT University» ақпараттық технологиялар универсітінің проректоры Карстен Вольфпен кездесті.

Кездесуде тараптар «Болашақ» бағдарламасы аясында ақпараттық технологиялар саласындағы отандық академиялық кадрлардың әлеуетін қалыптастыру және қолдау мақсатында университеттің профессорлық-оқытушылық құрамын даярлаудағы ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Сондай-ақ тараптар Қазақстандағы жоғары білім беруді интернационализациялау бағдарламасы бойынша өзара серіктестікке баса мән берді.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design