«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті «Россия – страна возможностей» жобасының Бас директорымен кездесті

комиссаров

2019 жылғы 25 қарашада «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Россия – страна возможностей» жобасының Бас директоры Алексей Комиссаровпен кездесті.

Ресейлік мейман ХБО ұжымы алдында өзі жетекшілік ететін «Россия – страна возможностей» жобасы туралы таныстырды. «2018 жылы Ресей Федерациясының президенті В. Путиннің бастамасымен құрылған жобаның басты мақсаты – дарынды және болашағынан үлкен үміт күттіретін жас мамандардың басын қосып, идея алаңын қалыптастыру»,— деп атап өтті А. Комиссаров.

Бүгінде жобаны жүзеге асыру жолында оған қатысушылар саны 2,5 миллионға жетіп, серіктестер қатары 250-ден асқан. Бұл ретте тараптар өзара ынтымақтастық пен тәжірибе алмасудың маңызды екенін атап өтті.

Өз сөзінде ХБО президенті А.Кәрібозова «Болашақ» бағдарламасы жайында баяндап, президенттік стипендияның ерекшеліктері туралы айтып берді.

Кездесу соңында А. Комиссаров Орталық қызметкерлеріне алғысын білдіріп, жұмыстарына сәттілік тіледі.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design