«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

РК 26.11.2019

2019 жылғы 26 қарашада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қ.Е.Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті.

Отырысты аша отырып, Мемлекеттік хатшы «Болашақ» бағдарламасы еліміздің адами капиталды дамыту саласындағы серпінді жоба екенін жеткізді.

Комиссия отырысында Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтің Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның хаттамалық тапсырмаларының орындалуы туралы есебі тыңдалды, сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасын іске асыруға қатысты бірқатар мәселелер талқыланды.

Комиссия шешімімен 234 үміткерге стипендия тағайындалды. Олар магистратура мен докторантурада білім алады, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік ұйымдарына тағылымдамаға жіберілетін болады.

Отырыс қорытындысы бойынша Қ.Е. Көшербаев «Болашақ» халықаралық стипендиясын жетілдіру, экономика салалары дамуының перспективалары негізінде еңбек ресурстары балансындағы өзгерістерді ескере отырып оның тиімділігі мен ашықтығын арттыру жөніндегі бірқатар нақты тапсырмалар берді.

2020 жылдан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың жаңа тәсілдемелері енгізілетін болады, олар конкурстық іріктеуді жүргізу тетіктерін жетілдіруді және автоматтандыруды, оның кезеңдерін қысқартуды, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын оңтайландыруды, жұмыс органының жауапкершілігін арттыруды көздейді. Бұдан басқа, стипендиаттарды оқытуға байланысты барлық академиялық процестер қосымша реттелетін болады.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design