«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Қазақстан азаматтарына Венгрия үкіметі 250 оқу грантын бөлді

венгрия

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мен Венгрия Республикасының Адами ресурстар министрлігі арасындағы 2013 жылғы 19 қарашадағы білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Венгрия үкіметі Қазақстан Республикасының азаматтарына 2020–2021 оқу жылы «Stipendium Hungaricum» стипендиялық бағдарламасына қатысу мүмкіндігін ұсынады.

Бұл бағдарлама шеңберінде Венгрия тарапы Қазақстан Республикасы азаматтарына келесі бағдарламалар бойынша 250 грант бөліп отыр:

- бакалавриат бағдарламасы бойынша  110 орын  (техникалықғылымдар, гуманитарлық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер)

- магистратура бағдарламасы бойынша  90 орын  (техникалық ғылымдар, ауыл шаруашылығы, өнер)

- бакалавриат+магистратура бағдарламасы бойынша  30 орын  оқу мерзімі 5–6 жыл(жалпы медицина, фармацевтика, стоматология, сәулет, ветеринарлық хирургия, егіншілік саласындағы инженерия, сәулет саласындағы инженер)

Бакалавриат, магистратура және бакалавриат + магистратура бағдарламалары бойынша стипендиаттар бірінші оқу жылы қабылдаушы университет ұсынған «Венгр тілі шет тілі ретінде» курсын өтуге және екінші семестрдің соңында емтихан тапсыруға міндетті (венгр тілінде оқитын стипендиаттарды қоспағанда). Курсқа қатыспайтын стипендия иегерлері ай сайынғы стипендияны ала алмайды.

- докторантура бағдарламасы бойынша 20 орын (барлық бағыттар бойынша)*

   *Докторантура бағдарламасына үміткерлердің қабылдаушы университеттен ғылыми жетекшілері болуы керек. Онлайн-тіркелу кезінде қабылдаушы университеттен ғылыми жетекші/супервайзер қол қойған қабылдауды растайтын құжатты тіркеу қажет.

Аталған гранттар туралы ақпарат

http://studyinhungary.hu/study-in-hungary/menu/stipendium-hungaricum-scholarship-programme/apply-for-a-stipendium-hungaricum-scholarship/call-for-applications-2020–2021.html вебсайтында орналасқан.

Мамандықтар тізімін сілтемеден  көре аласыз.

Грант келесі шығындарды өтейді:

- тегін оқу;

- бакалавриат және магистратура бағдарламалары үшін ай сайынғы стипендия 130 Евро, докторантура 415 Евро (бірінші 4 семестр) және 530 Евро (екінші 4 семестр);

- жатақханада тұру (немесе жалдамалы пәтердің ақысы айына 120 Евро көлемінде);

- медициналық сақтандыру.

Назар аударыңыз!!!  Қалған шығындарды грант иегері өз қаражатынан өтейді.

2002 жылғы 31 тамыздан  кейін туған үміткерлерден өтініш қабылданбайды, «Хореография» (Dance Study) мамандығынан басқа.

Венгр сайтында  онлайн-тіркелу мерзімі – 2020 жылғы 15 қаңтарға дейін

Толық құжаттар топтамасын қабылдау мерзімі – 2020 жылғы 3 желтоқсаннан 20 қаңтарға дейін.

Венгрия тарапы 2020 жылғы  28 ақпаннан мамыр айы аралығында іріктеу өткізеді.

Stipendium Hungaricum сайтында тіркелу бойынша нұсқаулық

Онлайн-тіркелу мәселелері бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 7172 74-16-12

Құжаттар онлайн және қолма-қол тапсырылады!!!

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design