«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтті

На сайт

2019 жылғы 27 қараша күні ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Білім және ғылым вице-министрі Рүстем Биғари және «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозованың қатысуымен «Болашақ» халықаралық стипендиясына кезекті үміткерлерді тағайындау нәтижелеріне арналған баспасөз-конференциясы өтті.

2019 жылғы 26 қарашада ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаевтың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өткені белгілі. Комиссия шешімімен 234 үміткерге стипендия тағайындалды. Олар магистратура мен докторантурада білім алады, сондай-ақ әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік ұйымдарына тағылымдамаға жіберілетін болады.

Р. Биғари биыл «Болашақ» бағдарламасының танымалдылығы арта түскенін, оған үлкен қызығушылық туындап, байқау деңгейі оңайға түспегенін мәлімдеді.

Вице-министр Комиссия төрағасы, ҚР Мемлекеттік хатшысы Қ. Көшербаевтың тапсырмасымен «Болашақ» бағдарламасының жаңа ереже жобасы әзірленгенін жеткізді. Келесі жылы үміткерлерге жаңа талаптар қойылатын болады. Атап айтқанда, басым мамандықтарға көбірек көңіл бөлінеді, яғни бағдарлама мамандарды нақты, мақсатты түрде дайындайтын болады.

2020 жылдан бастап «Болашақ» халықаралық стипендиясын жүзеге асырудың жаңа тәсілдері енгізілмек. Олар конкурстық іріктеуді жүргізу тетіктерін жетілдіруді және автоматтандыруды, оның кезеңдерін қысқартуды, Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның жұмысын оңтайландыруды, жұмыс органының жауапкершілігін арттыруды көздейді. Бұдан басқа, стипендиаттарды оқытуға байланысты барлық академиялық процестер қосымша реттелетін болады. Сондай-ақ, цифрландыру есебінен үміткерлер арасында іріктеу рәсімін анағұрлым ашық ету жоспарланып отыр.

Өз кезегінде А.Кәрібозова бүгінде «Болашақ» бағдарламасымен 20 елде 1199 стипендиат білім алып жатқанын атап өтті. Ұлыбритания мен Ирландия Республикасы көш бастап тұр. Екінші орында – АҚШ пен Еуропа елдері (Австрия, Швеция,Швейцария, Франция, Нидерланды, Финляндия, Италия),ал үшінші орында – Жапония, Оңтүстік Корея және Сингапур елдері. Тізімді Ресей Федерациясы аяқтайды.

Еске сала кетсек, «Болашақ» халықаралық стипендиясы 1993 жылғы 5 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің қаулысымен құрылған болатын. Бағдарламаны іске асырудың 26 жылында 13 870 стипендия тағайындалды.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design