«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Қытай үкіметаралық грантына құжаттар қабылдау жалғасуда

china-education-by-grants-2

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Қытай Халық Республикасының Білім және ғылым министрлігінің арасындағы 2003 жылғы 3 маусымдағы Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде Қытай үкіметі Қазақстан азаматтары үшін бакалавриат, магистратура, докторантура және тағылымдама бағдарламалары бойынша 86 білім грантын бөлді.    

Талаптары:

Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс;

- бакалавриатқа үміткерлердің орта мектеп бітіргені туралы аттестаты және жас мөлшері 25 жасқа дейін болуы тиіс;

- магистратураға үміткерлердің бакалавр дәрежесі және жас мөлшері 35 жасқа дейін болуы тиіс;

- докторантураға үміткерлердің магистр дәрежесі және жас мөлшері 40 жасқа дейін болуы тиіс;

-үміткерлер бакалавр дәрежесін алу үшін HSK 3 деңгейден кем емес жарамды сертификатты ұсынуы тиіс;

- магистратураға және докторантураға үміткерлер оқуды қытай тілінде таңдаған жағдайда HSK 4 деңгейден кем емес жарамды сертификатты ұсынуы тиіс.

Назар аударамыз!!! Оқуда жүрген үміткерлер оқу бөлімінің куәландырған қытай немесе ағылшын тілдерінде аудармасы бар, оқу кезеңінің аяқталатын күні көрсетілген, мектептен (колледж, жоо) берілген түлек мәртебесі туралы нотариалды куәландырылған анықтаманы ұсынады.

Аталған гранттар туралы ақпарат вебсайтта орналастырылған

ЖОО мен мамандықтардың тізімі мына сілтемеде 

Онлайн-өтінімді толтырудың ҚАДАМДЫҚ НҰСҚАУЛЫҒЫН сілтеме бойынша жүктеп ала аласыздар

Грант келесі шығыстарды қамтиды:

- тегін оқу;

- бакалавриат бағдарламасына арналған ай сайынғы стипендия – 350 $, магистратураға– 420 $, докторантураға – 490 $;

- медициналық сақтандыру;

- жатақхана (немесе жалға алатын тұрғын-жайдың төлемі айына шамамен 90 −140 $);

Қытай сайтында онлайн-тіркеу және толық құжаттар пакетін қолма-қол қабылдау мерзімі – 2020 жылғы 10 қаңтарды қоса алғанда

Онлайн-тіркеуге қатысты сұрақтар бойынша мына телефон нөміріне хабарласуға болады: +7 7172 24 93 85, 24 93 86

Құжаттар онлайн және қолма-қол қабылданады!!!

Құжаттарды тапсыру бойынша нұсқаулық

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design