«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Президенттік кадр резервіне іріктелгендердің үштен бір бөлігін болашақтықтар құрайды

photo 2019-12-30 16-22-42

Президенттік жастар кадр резервіне іріктелген 300 адамның 91-і «Болашақ» халықаралық стипендиясының иегерлері болып табылады. Атап айтқанда, 89 адам бағдарламаның түлегі болса, қалған 2-уі ағымдағы стипендиаттар.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президенттік лауазымына кірісу рәсімінде Президенттік жастар кадр резерві жобасын қолға алу қажеттігін айтқан болатын. ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі бұған дейін хабарлағандай, Президенттік жастар кадр резервіне өтінім берген 13 мыңнан астам үміткердің арасынан 330 адам финалға іріктелді. Ұлттық комиссия отырысының қорытындысы бойынша олардан тек 300 адам Президенттік жастар кадр резервіне таңдап алынды. Үміткерлердің 57%-да шетелдік білімі бар болса, 43%-ы қазақстандық жоғары оқу орындарының түлектері.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design