«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Go Nomads» бағдарламасы қайта жандандырылды

go nomads

Халықаралық бағдарламалар орталығында «Go Nomads» бағдарламасы қайта жандандырылды. Аталған бағдарлама еліміздің жоғары оқу орындары үшін ағылшын тілі оқытушыларына көмекші ретінде шетелдік еріктілер мен TEFL (Teaching English as a Foreign Language) әдіскерлерін тартуға бағытталған. Мақсат ағылшын тілді қазақстандық тұрғындардың, оның ішінде жастардың қатарын көбейту.  

Еріктілер жергілікті студенттерге ағылшын тілінде еркін сөйлеу қабілетін арттырып, тілдік кедергілерді жоюға көмектеспек және өздерінің мәдениеті, өмірлік тәжірибелері, білген-түйгендерімен бөлісетін болады. Бұдан бөлек түрлі пікірталас клубтары мен сессияларын ұйымдастырмақ. Олар үшін «Go Nomads» бағдарламасы жаңа елді жан-жақты танып білуге, сондай-ақ түрлі адамдармен танысуға ерекше мүмкіндік бермек.

Бағдарлама уақыты: жыл бойы, өтініш түсуіне қарай

Бағдарлама ұзақтығы: 1 айдан 6 айға дейін, күніне 4–5 сағат, аптасына 5 күн, Дүйсенбі – Жұма аралығы.

Бағдарлама кімдерге арналған?

- жасы 21-ге толған

- ағылшын тілінде еркін сөйлей алатын

- жастармен жұмыс істей алуы, оларды шабыттандыруда энтузиазмға бай

- өз білімдері мен өмірлік тәжірибелерін бөліскісі келетін

- өз көкжиегін кеңейткісі келетін адамдарға арналады.

Бағдарлама артықшылығы:

- тегін тұрғын жай: жатақхана немесе жалдамалы пәтер

- үш мезгілдік тамақтану

- барып-келу әуе билеті

- базалық медициналық сақтандыру

Қатысушыларға қойылатын талаптар:

- жасы 21-ге толуы керек;

- бакалавр немесе магистр дәрежесіне ие, шет тілі ретінде ағылшын тілінен оқыту тәжірибесін растайтын сертификаты бар маман болуы қажет.

Бағдарламаға қатысу тәртібі

Түйіндеме мен жолдама хат → сұхбаттасу → келісімшартқа қол қою → шақырту хаты → виза және келуі.

Байланысу үшін:

Сайт: www.go-nomads.com  

Email: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

Тел.: +7 7172 76 90 89

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design