«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАҒДАРЛАМАЛАР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСТАМАСЫМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КЕШЕНДІ ТЕКСЕРІС ШАРАЛАРЫ БАСТАЛДЫ

БОЛАШАК АНТИКОР

Ағымдағы жылдың 20 қаңтарынан бастап Халықаралық бағдарламалар орталығының шақыртуымен ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің жемқорлыққа қарсы кешенді тексеріс шаралары басталды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы топ құрамына Агенттіктің құзырлы мамандарынан бөлек, «Adal Bilim» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі Жобалық офисі өкілдері де қосылды.

Жобалық офистің әуелгі міндеті азаматтарға, жалпы еліміз бен қоғамға қызмет көрсете отырып, тұрмыстық жемқорлықтың себеп-салдарымен күресу, түбегейлі жою, жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.

Еске салсақ, 2019 жылғы 5 қарашада ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев пен «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Президенті Айнұр Кәрібозова өзара ынтымақтастық меморандумына қол қойған болатын. Ондағы мақсат – «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша шетелдерде кадрларды даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттырудың халықаралық бағдарламаларын әкімшілендіру рәсімдері шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шараларды қабылдау және сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне төзбеушілік ахуалын қалыптастыру.

Халықаралық бағдарламалар орталығында сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді тексеріс осы жылдың 21 ақпанына дейін жүргізіледі. Осыған орай, Орталық құзыретіне кіретін мәселелер бойынша әкімшілік тосқауылдар, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа әсер ететін себептер мен жағдайлар туралы ақпаратты а. This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. электронды мекен-жайына жолдауға болады.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

 

 

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design