«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Өз ісінің маманы — Толғанай Балықова

Толғанай Балықова

Толғанай Балықова – «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Түлектерді жұмысқа орналастыру және мониторинг басқармасының менеджері. Ол үш баланың анасы, аяулы жар. Орталықта 2012 жылдың сәуір айынан бері жұмыс істеп келеді. Оған дейін 2 айлық тегін тағылымдамадан өтіп келген. Қарағандыдағы «Болашақ» өзектендірілген білім беру институтының түлегі. Бұрынырақ қонақ үй бизнесі мен туристік компанияда қызмет атқарған.

Толғанай алғашында Орталықта кеңсе бөлімінде жұмыс істеген. Кейіннен Континенталды Еуропа елдері басқармасына ауысып, 150 студенттің кураторы болған. Қазіргі таңда Түлектерді жұмысқа орналастыру және мониторинг басқармасында түлектерді жұмыспен қамтумен айналысады.

«Бізге түлек жұмыссыз екенін айтқан кезде, алдымен жұмыс берушілер қандай мамандықтар бойынша сұраныс бергенін зерттейміз. Сұраныстардың ішінде түлектің мамандығымен сәйкес келетіні болса, оларға түлегіміздің түйіндемесін жібереміз» — дейді Толғанай.

Оның сөзінше, Болашақ түлектерін жұмысқа алғысы келетін жұмыс берушілер саны көп. Сол себепті, аталмыш басқармаға сұраныстар жиі кеп түседі. Алайда, Болашақ түлектерінің көп бөлігі жұмысқа өздігімен орналасады.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design