«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Седжон университетінің оқу гранттары (Оңтүстік Корея)

КОРЕЯ

Седжон университеті 2020 жылдың 24 ақпан – 16 наурыз аралығында магистр және ғылым докторы зерттеу бағдарламасы бойынша стипендияға өтініштер қабылдайтынын жариялайды.

Стипендия мөлшері профессорлар мен жобаның зерттеу бюджетіне байланысты.

Университет жатақхана және медициналық сақтандыруды ақылы негізде (студенттер есебінен) ұсынады.

Талаптары:

- IELTS(кемінде 5,5); TOEFL (PBT; 555 / CBT; 225 / IBT; 85); TEPS (кемінде 710);

- академиялық үлгерім және жүргізілген зерттеулердің болуы;

- Седжон  университеті және профессормен онлайн-сұхбат (қажет болған жағдайда)

Өтінімді қалай беруге болады:

- өтінім нысанын толтырыңыз: http://oia.sejong.ac.kr/contents/oia/cor/onlineas2.html;

- «2020 жылдың күз айына аспирантура сұхбатына өтініш» (Interview application for Fall 2020 Graduate School)таңдаңыз;

- «сұхбаттасуға өтініш» (Interview application);

- бағдарлама экранында академиялық ақпарат мәзірінен «Қосымша» (Application) таңдаңыз;

- сұхбат қолданбасын таңдаңыз.

Анықтама үшін (профессорлардың ғылыми бейіндері): http://bit.ly/sejong_scholar

ЕСКЕРТУ: «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бұл бағдарлама бойынша құжат қабылдаумен айналыспайды. Құжат тек Седжон университетінің жоғарыда көрсетілген сайтында онлайн түрде қабылданады.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design