«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Назар аударыңыз, вебинар!

1

Достар!

Сіздерді 2020 жылдың 3 сәуірінде, Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен сағат 20:00-де өтетін “Болашақ” бағдарламасының түлегі Әсел Канкинаның «Дағдарыс жағдайында жеке қаржыны басқару» тақырыбындағы вебинарын тамашалауға шақырамыз.

Вебинар өтетін күні платформаға қосылатын сілтемені ұсынатын боламыз.

Онлайн жүздесу барысында:

-жеке қаржыны не үшін және қалай ұстау керек;

-сіз үшін бір саптыаяқ кофе қаншаға шығады;

-”күрделі қызығушылық” деген не және ол қалай жұмыс істейді;

-бірнеше табыс көзіне ие болу несімен маңызды;

-Қазақстан нарығы мен одан тысқары жерлердегі инвестициялар;

-бізді зейнетте не күтіп тұр;

-қаржылық қулықтардан қалай сақтануға болады тақырыптары кеңінен қамтылмақ.

Елдегі қазіргі жағдайды, сондай-ақ адамдардың даму бағытындағы дүдәмалдығын ескере отырып, спикердің қаржылық ақыл-кеңестері дағдарыс кезінде қаражатыңызды дұрыс меңгере білуге көмектеседі деп санаймыз.

Әсел Канкина — “Болашақ” бағдарламасының түлегі,  Ұлыбританияның Ноттингем университетін «сәулет-қоршаған ортаны қорғау» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Назарбаев университетінің Іскерлік басқару магистрі. Supernanny.kz, sitters.kz, finmentor.kz, homedu.kz IT-стартаптарының негізін қалаушылардың бірі.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design