«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

АУСТРИЯДАҒЫ ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША ТАҒЫЛЫМДАМАЛАР

АвстрияҚымбатты доcтар!

«Аустриялық трибология саласындағы шеберлік орталығы» (Austrian Excellence Center for Tribology, одан әрі – Орталық) қазақстандық студенттерге магистратура мен докторантураның техникалық мамандықтары бойынша трибологияны оқыту үшін үш грантпен қамтамасыз етуге әзір екенін хабарлаймыз.

Орталық Аустрияның трибология саласындағы жобалары үшін ұлттық және халықаралық байланыс органы ретінде әрекет етеді. Орталық зерттеу қызметтерін көрсетіп және трибология саласында білім мен инфрақұрылымды ұсынып, клиенттердің технологиялық дамуын қолдайды.

Орталық «IAESTE» (Өндірістік тәжірибеден өту үшін студенттермен алмасу бойынша халықаралық қауымдастығы) халықаралық студенттер алмасу бағдарламасына тұрақты түрде қатысып, 6 және 12 айлық тағылымдамаларды ұсынады.

Орталықтың жауапты мамандарымен жүргізілген келіссөздердің нәтижелері бойынша грант тегін оқу мен шәкіртақыны қамтитыны анықталды. Сонымен қатар, қабылдаушы тарап жатақханамен қамтамасыз етіп, оның төлемі берілетін студенттік жәрдемақысынан алынады. Медициналық қызметке көзделген сома да ұсталынды.

Әдетте, тағылымдамалар жаз айларында, ағылшын тілінде ұйымдастырылады. Техникалық дайындықтан өткен тағылымгерлер техникалық/ғылыми тәжірибелерге қатысады. Сонымен қатар, студенттерге бакалавриат немесе магистрлік диссертацияны Орталықта дайындау мүмкіндігі ұсынылады (2–6 ай ішінде).

Қосымша сұрақтар бойынша ҚР Білім және ғылым министрлігі Халықаралық ынтымақтастық департаментінің +7 7172 74-16-12, +7 701 721 5216 телефонындарына хабарласуыңызды сұраймыз. Электрондық пошта: This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. . 

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design