«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеудің жаңа Ережелері бекітілді

WhatsApp Image 2020-05-13 at 14.25.20

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 6 мамырдағы № 271 Қаулысымен «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындау үшін үміткерлерді іріктеу және «Болашақ» халықаралық стипендиясын жұмсау бағыттарын анықтау Ережелеріне өзгерістер енгізілді.

«Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеудің жаңа Ережелері барлығына бірдей мүмкіндіктер ұсынады. Барлық квоталық санаттар алынып тасталды.

Осы жылдан бастап «Болашақ» стипендиясының конкурсына ауылдық елді мекендерден келген үміткерлерді қоспағанда, жетекші шетелдік жоғары оқу орындарынан шартсыз шақыртуға ие талапкерлер ғана қатыса алады.

Конкурстық кезеңдер саны 6-дан 3-ке дейін қысқартылды.

Іріктеу кезеңдері мыналарды қамтиды:

1-кезең: Интеллектуалды қабілет деңгейін, жеке және іскерлік қабілеттерін, шетелде оқуға психологиялық дайындығын анықтайтын кешенді тест;

2-кезең: Тәуелсіз сарапшылар комиссиясының мүшелерімен жеке сұхбат;

3-кезең: Шетелде кадрларды даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы.

Үміткерлер өздігінен тест тапсырып, құжат өткізген кезде мемлекеттік тілді білу туралы сертификаттарын ұсынуы керек. Ауылдық жерлерден келген үміткерлер қосымша шет тілін білу туралы сертификаттарды ұсынады.

Мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтауға арналған сынақ Ұлттық тестілеу орталығының аймақтық филиалдарында өткізіледі.

Айта кетерлігі, жаңа Ережеде алдын-ала тілдік оқыту алынып тасталды. Ол тек ауылдық жерлерден келген талапкерлер үшін сақталады және 6 ай мерзімі ішінде ағылшын тілін үйрену Қазақстан Республикасының аумағында өткізіледі.

Басымдық берілген мамандықтар тізбесі еңбек нарығы қажеттіліктерінің орта мерзімді болжамын ескере отырып, ҚР Білім және ғылым министрлігі арқылы жасалады.

Соныменқатар, Тәуелсізсарапшыларкомиссиясының (ТСК) құрамыменжұмысрегламентінеөзгерістеренгізілуде. Комиссияжұмысынқатаңреттейотырып, оныңашықтығынбарыншакүшейтужоспарлануда.

«Болашақ» стипендиясынақұжаттардықабылдаужәнестипендиятағайындауконкурсынөткізумерзіміқұжаттардықабылдаууақытынан 10 (он) күнтізбеліккүнбұрынҚазақстанРеспубликасыныңбұқаралықақпаратқұралдарындажарияланады.

ҚаулыҚазақстанРеспубликасыҮкіметініңинтернет-ресурсындаалғашресмижарияланғанкүніненбастапқолданысқаенгізіледі. Сілтеме: https://primeminister.kz/kz/decisions/06052020-271

 

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design