«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Болашақ» бағдарламасындағы өзгерістер Қызылорда жастарына таныстырылды

WhatsApp Image 2020-05-21 at 20.08.44

2020 жылғы 21 мамырда «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрібозова «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуындағы өзгерістер» тақырыбында онлайн-брифинг өткізді. Оған Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ректоры Бейбіткүл Сарсемханқызы Кәрімова, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

Бейнеконференция барысында «Болашақ» халықаралық стипендиясына үміткерлерді іріктеу Ережелеріне енгізілген түзетулердің негізгі тармақтары түсіндірілді.

Брифинг соңында қатысушылар басым мамандықтар тізімі, үміткерлерді конкурстық іріктеу рәсімі, конкурсқа қатысу шарттары және ғылыми тағылымдамалар туралы сұрақтар қойды. ХБО басшысы барлық сауалдарға толыққанды жауап берді.

«Болашақ» бағдарламасы аясында Қызылорда облысынан барлығы 101 түлек дайындалды. Қазіргі таңда аймақтан 10 студент шетелде білім алуда. 28 түлек аймақ игілігі үшін жұмыс істейді, оның ішінде 19 түлек Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде.

«Болашақ» бағдарламаны жүзеге асырудың барлық кезеңінде 13 870 стипендия тағайындалды, оның ішінде түрлі салаларда 10 747 маман оқытылды.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design