«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

БАҚ ӨКІЛДЕРІ «BOLASHAQ TALKS» АЛАҢЫНДА

WhatsApp Image 2020-06-20 at 20.40.36 1

2020 жылғы 26 маусымда онлайн режимде «Bolashaq Talks» пікірталас алаңының кезекті басқосуы өтті. Бейнеконференция БАҚ қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында арнайы ұйымдастырылды. Брифингке «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ президенті Айнұр Кәрiбозова, «QAZSPORT» телеарнасының бас редакторы Индира Бектенова, «Qazaqstan» РТРК Маңғыстау облыстық филиалының директоры Бекзат Жүсіп және «Bilim Media Group» компаниялар тобының редакторы Нұрбек Әмиша және тағы басқа журналистика саласындағы «Болашақ» бағдарламасының түлектері мен стипендиаттары, БАҚ өкілдері қатысты.

Онлайн жүздесу барысында «Болашақ» бағдарламасының іске асырылуындағы жаңа өзгерістер, атап айтқанда басым мамандықтар тізімі, конкурстық кезеңдер, сондай-ақ, құжат қабылдау мерзімі жан-жақты түсіндірілді. Қатысушылар тарапынан оларды қызықтырған сауалдарға жауап берілді. Атап айтқанда еңбек өтілін жүзеге асыру, ауыл жастарына арналған мүмкіндіктер, ғылыми және кәсіптік тағылымдамаларды ұйымдастыру, жылжымайтын мүлікті кепілдендіру қажеттілігі, конкурсқа қатысуда үміткерлерге қойылатын талаптар және т.б. мәселелер бар.

Сондай-ақ, спикерлер БАҚ өкілдері жұмысының ерекшеліктері, Қазақстандағы журналистиканың даму барысы және «Болашақ» бағдарламасы бойынша БАҚ қызметкерлерін оқыту тәжірибесіне тоқталды.

Мәселен «Bilim Media Group» компаниялар тобының редакторы Нұрбек Әмиша «Болашақ» бағдарламасының түлектерін жұмысқа орналастыру бойынша арнайы тетіктер, бағдарлама қолға алынса деген ұсынынсын жеткізді, ал педагог Айнұр Ташмақова өңірлерде жұмыс істеуге дайын түлектерге жан-жақты қолдау жасай отырып, тұрғын үймен қамтамасыз ету сияқты бастасымен бөлісті. «Болашақ» бағдарламасының түлегі Дархан Өмірбек өз тәжірибесіне сүйене отырып, жергілікті оқу елдерінде стипендиаттарға жол сілтеуші көмек ретінде арнайы Гид жобасы жүзеге асырылса деген идеясын алға тартты. Сондай-ақ, «Qazaqstan» телеарнасының Маңғыстау облыстық филиалының директоры Бекзат Жүсіп президенттік стипендияға үміткерлерді іріктеуде Тәуелсіз сараптама комиссиясының жұмысына қойылатын талаптарды жоғары бағалай келе, комиссия отырысын бейнетаспаға түсіру бастамасының ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Кездесу соңында Халықаралық бағдарламалар орталығының президенті А. Кәрібозова айтылған барлық мәселелер бойынша тиісті шаралар қолға алынатынын және БАҚ өкілдерімен басқосудың тағы жалғасатынын жеткізді.

Айта кету керек, «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асыру аясында «БАҚ және журналистика» бағыты бойынша 162 адам дайындалды. Стипендиаттардың ең көп саны магистратура бағдарламасы бойынша — 134 адам (83%), тағылымдамадан – 7 адам (4%) өтті, бакалавр дәрежесін – 20 адам (12%), ал «маман» дәрежесін – 1 адам (1%) бiтiрдi.

Тікелей эфирге сілтеме:https://www.youtube.com/watch?v=t4CAp2oLbUU

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design