«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Благотворительная акция «Teaching for Heroes»

WhatsApp Image 2020-06-29 at 09.25.56

Құрметті достар!

«Болашақ» қауымдастығы «Teaching for Heroes» қайырымдылық бастамасының серіктесі болды!

Бұл ұйымның мақсаты бүкіл Қазақстан бойынша COVID-19-бен күресетін дәрігерлер мен медбикелердің балаларына ағылшын тілінің сапалы, тегін сабақтарын ұсыну. Барлық жастағы оқушылар әлемнің үздік оқу орындарының 300-ден астам еркін сөйлейтін тәлімгерлерін таңдай алады. Қарапайым және ыңғайлы платформаның арқасында оқушылар мен тәлімгерлерге ыңғайлы кесте мен жүйе беріледі.

Ел бойынша мыңдаған дәрігерлер мен медбикелер тәулік бойы жұмыста бола отырып, бізді вирустардан қорғайды. Олардың үйге баруға, отбасымен және балалармен уақыт өткізуге мүмкіндігі жоқ. Сондықтан TFH бастамасы біздің дәрігерлер мен медбикелерді қолдауға атсалысып, олардың балаларына тегін сапалы онлайн сабақтар береді.

Егер сіз жақсылық жасағыңыз келсе;

Егер сіз мектеп немесе университет студенті болсаңыз;

Егер сіздің деңгейіңіз ағылшын Upper-intermediate және одан жоғары болса;

Егер сізде аптасына 2 сағат бос уақыт болса…

Құрметті болашақтықтар, сіздерді осы бастаманың бір бөлшегі болуға және бізді қорғау жолында еңбектеніп жүрген ата-аналардың балаларына сабақ беруге шақырамыз!

Сауалнаманы мына сілтеме бойынша толтырыңыз: http://www.teachingforheroes.com/

Ұйымдастырушылармен байланыс:

This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it.

+7-701-220-77-33 Настя

+7-701-712–07 Әсел

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design