«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Назарбаев Университетін 10 жылдық мерейтойымен құттықтаймыз!

WhatsApp Image 2020-06-29 at 12.03.26

Осыдан 10 жыл бұрын 2010 жылғы 28 маусымда Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасының қатысуымен Назарбаев Университетінің ашылу салтанаты өтті.

«Назарбаев Университеті» ДББҰ ұлттық жоғары білім беру жүйесінің үздік моделі және ғаламдық зерттеу университеті болуға талпынған Қазақстандағы жоғары білімнің флагманы. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ мен «Назарбаев Университеті» ДББҰ ұзақмерзімді серіктестер әрі еңбекпен қамту саласында белсенді қызмет атқарып келеді. Аталған оқу орны «Болашақ» бағдарламасы түлектеріне ең ірі жұмыс беруші. Қазіргі таңда «Назарбаев Университеті» ДББҰ экожүйесінде «Болашақ» бағдарламасының 427 түлегі еңбек етуде.

Сонымен қатар, біз университеттің Студенттік істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі вице-президенті Қадиша Дайырова мен «Назарбаев Университеті» ДББҰ Жоғары мемлекеттік басқару мектебінің атқарушы директоры Динара Ашықбаеваны «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Директорлар кеңесінің мүшелігінен табыла білгенін жоғары бағалаймыз.

Біз «Назарбаев Университеті» ДББҰ-ын 10 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, оқу ордасының одан әрі өркендеуіне және еліміздегі жоғары білімді реформалау жолында алға қойған мақсаттарына қол жеткізуіне тілектестік білдіреміз.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design