«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

«Болашақ» халықаралық стипендиясының қызметін насихаттау мен имиджін арттыру жөніндегі меморандум

WhatsApp Image 2020-06-29 at 12.31.18

Ағымдағы жылғы 24 маусымда «Болашақ» халықаралық бағдарламасын (бұдан әрі – Бағдарлама) жүзеге асыруға тікелей қатысы бар екі іргелі ұйым арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Стипендия иегерлерін өз аясында біріктірген Бағдарламаның әкімшісі «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ (бұдан әрі – Орталық) президенті Кәрібозова Айнұр Бағдатқызы және Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы» қоғамдық бірлестігі (бұдан әрі – Қауымдастық) төрағасы Макен Бахтияр Макенұлы «Болашақ» халықаралық стипендиясы мен оның түлектерінің мәртебесін арттыруға бағытталған өзекті зерттеулер жүргізуге, арнайы басылымдар мен бейнефильмдер шығаруды алға тартқан ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Бағдарламаның іске асырылуының 26-жылдық кезеңінде 13 800-ден астам Қазақстан азаматы стипендия иегері атанды. Бүгінде 11 000-ға жуық Бағдарлама түлегі еліміздің игілігіне қызмет атқаруда.

Орталық пен Қауымдастық арасындағы ынтымақтастық білім беру, әлеуметтік маңызы бар және қайырымдылық сипаттағы жобаларды іске асыруға бағытталатынын ескере отырып, денсаулық сақтау, білім және ғылым, мәдениет және өнер, инженерлік-техникалық саладағы бағдарлама түлектерінің үлесі ерекше назарда болады. Меморандум Бағдарламаны жаңа сапалы деңгейге шығаруға және оның түлектерінің әлеуетін барынша пайдалануға үлес қосады деп көзделуде.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design