«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ

Коронавирустық пандемия кезеңінде «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ шығындарын оңтайландыру туралы

WhatsApp Image 2020-05-13 at 14.25.19 1

Коронавирустық инфекцияның жаппай таралуына байланысты «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары оқитын шетелдік ЖОО-ры а.ж. наурыздан бастап қашықтан оқу форматына көшірілгені белгілі.

Осыған байланысты бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында, ҚР Білім және ғылым министрі А. Аймағамбетовтың тапсырмасымен, Халықаралық бағдарламалар орталығы шетелдік жоғары оқу орындарымен келіссөздер жүргізіп, стипендиаттардың оқу ақысын төмендету мәселелерін талқылады. Нәтижесінде, 25 оқу орнында оқитын 343 стипендиатқа оқу төлемақысы 10%-дан 50%-ға дейінгі көлемде төмендетілді. Осылайша, 325,1 млн. теңге бюджет қаражаты үнемделді.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда. Басқа да оқу орындарымен «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттары үшін CoV-19 пандемиясы кезінде әртүрлі преференциялар алу, оқуға жұмсалатын шығындарды мейлінше төмендету бойынша келіссөздер жүргізілуде.

Қазіргі таңда «Болашақ» бағдарламасының 592 стипендиаты шетелде білім алуда.

Анықтама үшін: «Болашақ» халықаралық стипендиясы Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылғы 5 қарашадағы № 1394 қаулысымен бекітілген. Бағдарламаны іске асырудың 26 жылында 13 870 стипендия тағайындалды, оның ішінде әртүрлі салада 10 749 маман дайындалды.

e-max.it: your social media marketing partner

Add comment

FaLang translation system by Faboba

2016 Все права защищены. © АО «Центр международных программ». При использовании материалов ссылка на сайт обязательна.




Создание и продвижение сайтов в Астане — ABC Design